"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің отырысы және мектепішілік ата-аналар кеңесі жиналысының №1 хаттамасы

Қамқоршылық кеңесінің отырысы және мектепішілік ата-аналар кеңесі жиналысының

№1 хаттамасы

Өткізу күні: 2023 жылғы "14" қыркүйегі.

Қатысты: 50 ата-ана

                      7 қамқоршылық кеңесінің мүшелері

Қатыспаған: 2 қамқоршылық кеңесінің мүшелері

I. Күн тәртібі:

1. 2022-2023 оқу жылының есебі- мектеп басшысы Ильясова С.Қ.

2. Қамқоршылық кеңес төрағасының 2022-2023 оқу жылындағы есебі- ҚК төрағасы Абаков Қ.К.

3. 2023-2024 оқу жылына арналған ата-аналар кеңесінің жаңа құрамын сайлау

4. 2023-2024 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңесінің  жаңа құрамын сайлау

5. Мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру- мектеп басшысының ТІЖ орынбасары Кульчманова Г.А.

6. 2023-2024 оқу жылына арналған ҚК  жұмыс жоспарын бекіту

7. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы – Отаралиева А.А., полиция бөлімшесінің аға лейтенанты

II. Тыңдалды

1. № 1 мектеп басшысы Ильясова С.Қ. жазғы кезеңде мектепті жөндеу қорытындылары, материалдық –техникалық базасы және жалпы мектептің оқу-тәрбие процесі туралы айтып берді.

2. Қамқоршылық кеңес төрағасы Абаков Қ.К. 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. «Мектепке жол» акциясы барысында ҚК-нің бірнеше азқамтылған отбасыларына көмек көрсетілгені туралы айтты.

3. Жалпы мектепшілік ата-аналар кеңесінің жаңа құрамы дауыс беру арқылы сайланды.

4. ҚК төрағасы жаңартылған құрамын таныстырып шықты.

5. Мектеп басшысының ТІЖ орынбасары Кульчманова Г.А. ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып шықты: 1) екі ауысымның қоңырау кестесімен; 2) оқушылардың мектеп киімінің үлгісіне қойылатын талаптарымен.

6. ҚК жылдық жұмыс жоспары құралды.

7. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Отаралиева А.А., ИДН инспекторы, полиция бөлімшесінің аға лейтенанты сөз алды.

III. Шешім:

1. Мектеп басшысы С.Қ. Ильясованың  2022-2023 оқу жылының есебі мақұлдансын.

2. Қамқоршылық кеңес төрағасы Абаков Қ.К. 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар бойынша есебі мақұлдансын.

3. Жалпы мектепшілік ата-аналар кеңесінің жаңа құрамы сайлансын. Ата-аналар кеңесі төрайымы болып  Халимова Г. тағайындалсын.

4. ҚК жаңартылған құрамы сайлансын.

5.  Мектептің ішкі тәртіп ережелері оқушылармен сақталсын.

6. 2022-2023 оқу жылына арналған КС жұмыс жоспары толықтырулармен бекітілсін.

7. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Отаралиева А.А., ИДН инспекторы, полиция бөлімшесінің аға лейтенанты сөзі мақұлдансын.

 

Хатшы   Г.А.Кульчманова

Жаңартылған күні: 28.09.2023 09:51
Құрылған күні: 29.09.2023 14:51

Текст