Текст
«Отан отбасынан басталады» деген дана қазақ халқымыз. Шынында да, елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Бала туылғаннан ана сүтімен ананың мейірімін, жылуын алады. Өсе келе, отбасыдағы әрбір отбасы мүшесінің жылуын сезініп өседі. Үй іші қызыққа, қуанышқа толы болуы дөңгелек үйдегі ошақтың өшпес алауына байланысты. Отбасы деген сөз- Сол оттың басы, қасы. Сондықтан да, отбасы- халықтың ырысының ұйытқысы.
Құрметті ата-аналар, отбасыларыңызға береке, татулық, мейірімділікті тілеймін!