"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жасылған жұмыстардың есебі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.

«Біз еліміздің басшысы қойған міндетті орындап жатырмыз, қазірдің өзінде оң нәтижелер бар деп айтуға болады. Жоба іске асырылғаннан бастап мектеп кітапханаларында көркем әдебиет саны айтарлықтай өсті, оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Егер бұған дейін қазақ тіліндегі әдебиеттер аз болса, қазір кітап қорының басым бөлігін мемлекеттік тілдегі әдебиеттер толықтырды. Сонымен қатар тек қазақстандық авторлардың ғана емес, әлемдік әдебиет туындылары да бар. «Оқуға құштар мектеп» – өте маңызды жоба, сондықтан бұл жұмысты жалғастыру қажет», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» демекші, Біз, Р. Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ аталған жобамен тығыз жұмыс жасаудамыз. Аптаның әр дүйсенбісі 1-11 сыныптар арасында 15 минуттық кітап оқу акциясы өтуде. Бұл жобаның арқасында балалар ұдайы кітап оқуға дағдыланды. 2023-2024 жылы қорымызға бөлінген көркем-әдеби кітаптардың арқасында көптеген қызықты кітаптармен танысты.

Бастауыш сыныптарда Шалқан, Атам және мен, Торғай мен тышқан, Моншақ, Молли, Динозаврлар, Тасбақа Каю, Комикстер, Алтын бие, Жас детектив, Девочка с растрепанными волосами, Маленький Лорд Фаунтлерой, Бусинка, Румини и Королева Ветров, Молли сынды Ертегілерін балалар қызыға көп оқиды.

Орта буынның балалары Менің атым Қожа, Коммикстегі жаратылыстану, астрономия, Петсон сапарға шықты, Құпия арал, Тарихқа дейінгі адам, Питер пэн, Туған күн бәліші, Маугли, Ауыл шетіндегі үй, Жер жаһан ертегілері, Абайдың қара сөздері, Таза бұлақ, Бюро находок, Три моста, Физика, Робинзон крузо, Том Сойердің басынан кешкендері секілді шағын әңгіме, повестьтері көп оқылды.

Жоғары сыныптың оқушылары Оң қол, Шұғаның белгісі, Жабайы алма, Портрет Дориана Грея, Батыс Майдан, Приговор, Абай жолы, Собачье сердце, Эдгард По, Көшпенділер сынды көлемді шығармалар актуалды.

Жаңартылған күні: 02.12.2024 18:03
Құрылған күні: 02.12.2024 18:03

Текст