"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай

 Р. Қошқарбаевтың 95- жылдығына  арналған  «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шараның өткізу сценариі

                 

Хор : «Соғыстан қайтқан солдаттар»

      Жүргізуші 1 : Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай  - жерлесіміз,  батыр атамыз, 1945 жылы Рейхстагқа бірінші болып Совет Одағының туын тіккен  Рахымжан Қошқарбаевқа  арналған  «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
      Жүргізуші 2:
          Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

 «Видеоқұттықтау»
    

 Жүргізуші 1:  Тәуелсіздік – ел мұраты.  Біздің ұлан байтақ жеріміз,ұлы дала еліміз  азат, тәуелсіз болу үшін бабаларымыз «түн ұйықтамады, күндіз отырмады». Сол бір алма-ғайып тартыспен өткен  тарих беттерін есімізге түсірейік.

  «Хронологиялық композиция – көрініс»

 Жіргізуші 2 : Биыл 2019 жылы Қазақстан, сонау 1945 жылы Берлинде Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ батыры Р.Қошқарбаев атамыздың  95- жылдығын атап өтуде. Нур-Султан қаласында қалалық әкімдігі Р.Қошқарбаев батырдың ерлігін еске алу кешін ұйымдастырған болатын. Сол кеште қазіргі ақындарымыз жиналған қонақтың назарына  жаңа өлең жолдарын ұсынды. Сол өлеңдерін ақындар біздің оқушыларға оқуға рұқсаттарын беріпті. Ендеше, Р.Қошқарбаев батыр атамызды еске алу туындыларды назарларыңызға ұсынамыз. ( Әдеби монтаж) ( Олжас Қасым, Серікжан Қажытай, Ғылымхан Манай, Арман Шеризат- ақындар)  

Концерттік бағдарлама:

  1. Ақылбай Арнұр
  2. Советқазин Бекарыс
  3. Домбыра попурри
     

Жүргізуші:
       Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
      Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
      Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
      Туған күнің құтты болсын, алыбым!
«Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 17.01.2020 13:10
Құрылған күні: 17.01.2020 13:18

Текст