Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық сайттың ұйымдастыруымен А.Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Ұлы даланың ұлы тұлғасы-Абай" атты Республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. Осы олимпиадаға Р.Қошқарбаев атындағы 1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бердалина Меруерт Сәбитқызы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық балалар мен жастарға арналған " Жұлдызды бала" өнер байқауында "Көркем сөз оқу" номинациясы бойынша Р. Қошқарбаев атындағы 1 орта мектебінің 2-сынып оқушысы Сапабек Айша М.Мақатаев "Үш бақытым " өлеңін мәнерлеп оқып, жүлделі 1 орынды иеленді. Байқауға дайындаған жетекші Бердалина Меруерт Сабитқызы "Үздік ұстаз " дипломмен марапатталды . Өнерлі балапанның өнері шыңдала беруіне тілектеспіз!