11. 10.2019 ж. 7 «Д» сыныбында «Жеткіншек жастағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа сынып жетекші Ибраева Перизат Мұратқызының шақыруымен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының» өкілдері, «Отбасы хрестоматиясы» сериясы авторларының бірі, психолог Мырзабай Сейілбек, ата-аналар, мектеп ұстаздары қатысты. Мырзабай Сейілбек «Бала тәрбиесіндегі» экзистенция анализі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында ата-аналармен пікірталас орын алды. Мырзабай С. «Отбасы хрестоматиясы» сериясында «Салт-дәстүр сөйлейді», «Мың сұрақ» кітаптарын таныстырып, ата-аналарға отбасы құндылықтарының, ұлттық тәрбиенің маңызы туралы айтып өтті. Жиналыста мектеп психологы Дюмбаева Ж.М. ата-аналармен және ұстаздармен сұхбат жүргізді. Жиналыс қызықты, мазмұны қаныққанды болып өтті.