"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестивалі

12.02.2025

    

       Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында елордада  11-15 ақпан аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен  «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді. 11 ақпан күні  өткен фестивалдің ашылу салтанатына Қосшы жастары, қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жұмысшы мамандықтары қаласының фестиваліне қатысқан оқушылар  арнайы тақырыптық көшелерді аралап, танысты. Олар тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрыштарымен танысты. Сонымен қатар түрлі  шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика салаларындағы тақырыптар бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, роботтың құрастырылу жұмыстарымен танысты. Жастарға қоғамның қажеттілігіне сай мамандықтарға, кәсіпке қызығушылықтарын арттыруға бағытталған танымдық экскурсия болды.

Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст