22.04.21 ж. күні мектебімізде "Қоғамды ғаламтор қармап алған жоқ па?" атты тақырыпта оқушылар арасында дебат пікірталасы өтті. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікіріңді айналаңа, қоғамға жеткізе білу – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі сөйлеу кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Мектеп аралық дебатқа "Р.Қошқарбай атындағы №1ЖОББМ", "№19 Тайтөбе ЖОББМ" және "№2 Қосшы ЖОББМ" қазақ, орыс топтары қатысты. Нәтижесінде барлық қатысушыларға номинация бойынша мадақтамалар беріліп және әр мектепке естелік кубоктар табыс етілді. Қатысушы оқушыларға, ұйымдастырушы дебат жетекшілеріне алғыс білдіреміз!