"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткіші жанында "Ұлы Жеңіске мың тағзым!" атты іс-шарасы

06.05.2021

30.04.21 жылы Қосшыда, Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткіші жанында "Ұлы Жеңіске мың тағзым!" атты іс-шараны ҚР ІІМ академиясы ұйымдастырды. Іс-шара 1945 жылы Берлинде Рейхстагқа жеңіс туын тіккен алғашқы жерлесіміз Р.Қошқарбаевтың ерлігіне арналды. Іс-шараға батырдың әпкесі, №1 мектептің оқушылары мен мұғалімдері, Қосшы мәдениет үйінің "Замандастар" хоры және мәдениет Үйінің кітапханашысы қатысты. 30 сәуірде Қосшыда осындай іс-шараларды өткізу дәстүрге айналды, өйткені дәл осы күні лейтенант Р.Қошқарбаев пен қатардағы Григорий Булатов Рейхстагтың үстіне туды тікті. Бұл күнді фашистік Германияны жеңудің бастауы деп санауға болады. Биыл Қосшыда батыр жауынгерге арналған тағы бір ескерткіш ашылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестер, Тайтөбе тұрғындарының тізімі жаңартылды. Қосшыға батырларды еске алу ескерткішіне бүгін Р.Қошқарбаев пен Г. Булатов қойған ту әкелінді. Бұл Жеңістің Жауынгерлік Туының жалғыз және дәл көшірмесі.

  

Просмотров: 310


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст