Текст
Ұшырады мектебің өз қолынан,
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын! Ақ жол, Сәт сапар! Түлек-2021!