Текст
01 қыркүйек 2021 жылы байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында 1 сыныптарға арналған 2021-2022 оқу жылының «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізілді. Мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған алғашқы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов мәлім еткендей Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бойынша жасалған «Әліппе» және «Букварь» оқулықтарын 1 сыныптарға салтанатты түрде мектеп директоры Ильясова Сұлуай Қуанышқызы табыстады.