"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адам саудасы-қатерлі қылмыс!

06.09.2021

 

АДАМ САУДАСЫ- ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫС!

          Қазақстанда адам саудасы ұдайы ұлғаю үдесіне ие болып отыр. Адам саудасының негізгі құрбаны халықтың әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген бөлігі болып табылады. Қылмыстың объектісі –адамдардың бостандығы мен еркі, қосымша тікелей объект – жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі.  Қылмыстың субъектісі –16 толған кез келген адам.  Қылмыстың объективті жағы – адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану әрекеттері.  Қылмыстың субъективті жағы – тікелей қасақаналықпен, пайдакүнемдік мақсатпен істеледі. Заңға байланысты ҚР Үкіметінің «Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын-алу.  Қазіргі таңда қылмыстың бұл түрін ауқымды трансұлттық проблемалардың қатарына жатқызсақ та қателеспейміз. Криминология көзқарасынан алатын болсақ,бұл қылмыстың жасалуынан көптеген мемлекеттерге залал келіп отыр,сол себепті бұны осындай көлемдегі проблема ретінде қарастырамыз.
        «Адамды саудаға салу » түсінігі - адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау. Адамдарды оларды бұдан әрі пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге және Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау, ауыстыру адам трафигі деп аталады. 
Халықтың кейбір бөлігінің ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайы және жұмыссыздық кейбір адамдарды осындай қылмыс жасауға итермелейді. Бірақ маңыздылығы аз болмай тұрған бас пайдасы мен баюды көздеуі осындай іс-әрекет жасауда басым болып тұр. Адамдарды ұрлауға қатысы бар арампиғылдылардың 71%-ды жұмыссыздар екен. Мемлекет өзінің әрбір азаматы өмірінің қауыпсіздігі үшін өз территориясында немесе одан тысқары жерде жауапты және оған кепілдік береді. Адам саудасымен күресетін Қазақстан бекіткен бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдер бар. 

Адам саудасының алдын алайық!

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст