Текст
Қайырыдылық ізгіліктің ірі көрінісі «Жақсылық жасаушының жолы ашық демекші 2-ші қыркүйектен бастап Р. Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтуде. 2-6 тамыз аралығында 15 оқушыға кәсіпкерлерден 50 мың теңге көлемінде, мектеп ұстаздарынан 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. 9-13 тамыз аралығында мектебіміздің 4 оқушысына кәсіпкерлерден 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Мектеп ұстаздарынан 20 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Демеушілер 30 мың теңге көлемінде 4 оқушыны оқу-құралдарымен қамтамасыз етті. Құзырлы органдар 30 мың теңге көлемінде 3 оқушыны мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.