"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік – ғасырлар күресінің жемісі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

29.11.2021

            26.11.21 күні Қосшы қаласының Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жалдығына орай қаламызда жүріп жатқан іс-шаралар аясында «Тәуелсіздік – ғасырлар күресінің жемісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға мектебіміздің жоғары, орта, кіші буын өкілеттері қатысты: мектептің ардагер ұстаздары, қазір ұстаздық етіп жүрген мұғалімдер және мектеп ұясынан ұшқалы отырған 11 сынып оқушылары қатысты. Аға буын өкілдерімен жас ұрпақтың рухани сабақтастығын көрсеткен бұл шара көпшіліктің көңілінен шықты.Келген қонақтар Тәуелсіздік  жолындағы қадамдарымызды жан жақты талдап келелі ойлармен бөлісті. Қосшы қаласындағы ең алғашқы  қазақ сыныбын ашып, сол сыныбына ұстаздық еткен Анарбаева Елекен Төкенқызы оқушыларға болашақта еліне сыйлы азамат болуларына тілектестігін білдірді.

        «Еліміздің тәуелсіздікке жетуі - халқымыздың талай батырларының ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен тапқан жемісі. Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде еліміз біраз қиындықты еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түсе білді» - деп мектеп басшысы Ильясова Сулуай Қуанышқызы оқушыларға сәттілік тіледі.

 

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст