Текст
24 желтоқсанда 2021 жылы Целиноград аудандық білім беру бөлімі «Р.Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектебінде «Жарқыра, жайна Жаңа жыл – Тәуелсіз қазақ елінде!» атты Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылған шырша онлайн форматта өтті. Оған 4 «В» сынып оқушысы Каргаполова Екатерина және 3 «В» сынып оқушысы Шперлинг Диана қатысты. Аяз ата мен Ақшақар қатысушыларға ҚР Президенті атынан жаңа жылдық тәтті сыйлықтар, 100000 теңгелік сертификат және Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы туралы көркем кітап табыс етті.
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Әрқайсысыңызға ең басты денсаулық тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!