Текст
2022 жылдың 6 қаңтарында осы оқу жылының 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде онлайн және офлайн оқыту форматында оқушылардың білім сапасын арттыру мәселелері қозғалды; отбасында қыздар мен ұлдарды тәрбиелеу мәселелері, сонымен қатар мектеп оқушыларының мектептегі ішкі тәртіп ережелері талқыланды. Жиналыс ZOOM платформасы арқылы өтті. Конференцияға 160 ата-ана қатысты. Жиналыс барысында ата-аналарды толғандырған көптеген мәселелер талқыланды. Кері байланыс белсенді болды.