"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп информатика пәні мұғалімі уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс

28.03.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Р. Қошқарбай атындағы № 1 Қосшы жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі  уақытша  бос орынға орналасуға конкурс жариялайды

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Р.Қошқарбай атындағы № 1 Қосшы жалпы орта білім беретін мектебі » КММ уақытша    мектеп информатика пәні мұғалімі лауазымына;

 

         - «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің  Р.Қошқарбай атындағы № 1 Қосшы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   Қосшы қаласы, Ғ.Абсагитов көшесі - 7 мекенжайы бойынша орналасқан телефон
87165199558

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;

-үздіксіз педагогикалық жұмыс (1) бір жылдан жоғары

-оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының педагог немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы,

-педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 1 жыл.

Білуге міндетті:       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін;  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

 

      Лауазымдық міндеттері:

1.Оқыту барысында оқушылардың психологиялық, әлеуметтік қолайлығын сақтауға бағытталған кәсіби қызмет көрсету.

2.Балалардың құқықтары жайлы Конвенция мен Қазақстан балалары құқықтары заңымен өзгеде балаларға байланысты заңдылықтарға сәйкес оқушылар құқықтарының сақталуын қадағалау.

3.Мектептің әлеуметтік саласының үйлесін табуына ықпал жасап, әлеуметтік бейімделуге кедергі болатын жағдайлардың алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

4.Кәсіби мамандығына байланысты бекітілген үлгідегі құжаттарды жүргізу және оны тек кәсіби қызметінде қолдану.

5.Дарынды балаларды анықтау, дамуына көмек көрсету.

6.Еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау.

7.Білім беру үрдісін жақсарту мен сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру.

8.Өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін үнемі көтеріп отыру.

9.Мектеп әкімшілігі өткізетін барлық педагогикалық кеңестер мен мәжілістерге қатысу.

10.Педагогтың қоғамдағы дәрежесіне сай келетіндей қоғамдық орындарда, мектеп тұрмыс жағдайында өзін-өзі ұстаудың этикалық нормаларын сақтау.

 

Лауазымдық жалақы мөлшері: 160 000  (жүз алпыс мың) теңге.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру мерзімі мен оны қабылдау орны: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру  мектептің  ресми сайтында соңғы жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күн ішінде Целиноград ауданы, Қосшы қ., Ғ.Абсагитов көшесі  - 7, мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс. 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

11) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық адрестер: Анықтама үшін телефон: 87759370030, 87165199558, kosshy_1.om@mail.ru

 

         Осы лауазымға орналасқан адамға көтермеақы төленбейді, тұрғын үй мен жеңілдіктер берілмейді.

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст