"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЮНИОР олимпиадасы

05.04.2022

05.04.2022 күні  Р.Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ де Қосшы қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қосшы қаласы бойынша 7-8 сынып оқушылары үшін математика, физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша  ЮНИОР олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 60 оқушы қатысты. Тапсырмаларды "Дарын" РҒПО-ның әдістемелі кеңесі әзірледі. Олимпиаданың басты мақсаты -  оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру.Әрбір аудиторияда бейнебақылау камерасы орнатылды және комиссия мүшелері құрылды.Олимпиаданың өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін ата-аналар комитеті өкілі және бизнес академия Дара, Қосшы 2 мектеп мұғалімдері сайланды. Олимпиада нәтижесімен келіспеген жағдайда олимпиада қатысушылары аппеляцияға беруге құқылы. Жеңімпаздар әділқазылар алқасы шешімімен марапатталады.

Просмотров: 664


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст