Текст
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні! Еліміздің барлық өңірінде бұл мереке кеңінен тойланып, ел қошеметіне ие болады. Мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау арқылы кеңпейілділігін көрсету. Бұл мейрамның орыны ерекше. 29 сәуір күні қаламызда осы тамаша мерекеге орай іс-шаралар өтті. Мектеп, балабақша ұжымдары мен мемлекеттік мекемелер әр ұлттың тағамдарын дайындап, ұлттық киімдерін кие отырып, әр ұлттың әр түрлі дастарханын сыйға тартты.