Текст
2020 жылдың 24 қаңтарында Целиноград ауданы Қараөткел №2 орта мектебінде "Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық есептерді шешу және олимпиадалық тапсырмаларды орындау" тақырыбында аймақтық семинары өтті. Семинардың басты мақсаты тыңдаушыларды олимпиадалық тапсырмаларды шешу ерекшеліктеріне үйрету арқылы олимпиадалық қозғалысқа ЖМБ және ҚГБ пән педагогтарының теориялық және практикалық дайындық деңгейін арттыру.