"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жарқын болашақ" аудандық қазақ тілі пәнінен олимпиада

13.02.2020

Жыл сайын өтетін аудандық  "Жарқын болашақ"  олимпиадасына Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі белсенді түрде атсалысады. Бес түрлі номинация бойынша  7-11 сыныптар арасында өткен байқауға мектептің дарынды оқушылары қатысты. Байқауға мектебімізден 7 оқушы өз өнерлері мен білімдерін көрсетті. Атап айтқанда, "Бейнелеушілер" байқауына 9 "Г" сынып оқушысы Каппасов Аңсар белсенділік алса, "Жас қаламгер" байқауы бойынша 9 "Ә" сынып оқушысы Касенова Дариға 3-орын, 9 "Г" сынып оқушысы Сайырхан Ақжол 2-орынды иеленді. Білгірлер бәгесінен 9 "А" сынып оқушысы Тулепберген Аружан 3- орынды қанжығаласа, "Әнші-бұлбұлдар" конкурсында 8 "А" сынып оқушысы Советқазин Бекарыс белсенділік танытса, 10 "Ә" сынып оқушысы Ақылбай Арнұр жүлделі 2-орынмен марапатталды. "Жас қаламгер" байқауынан бас жүлде алған 10 "Б" сынып оқушысы Жахонгир Рано облыстық "Жарқын болашақ - 2020" қазақ тілі олимпиадасына жолдама алды. Аталмыш байқауға белсенді түрде қатысқан қазақ тілі пән бірлестігінің еңбегі зор. 

Просмотров: 517


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст