"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына өткізілнен іс-шаралары туралы анықтама.

17.02.2020

Ұлы қазақ ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мазмұндық деңгейде атап өту мақсатында  Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі «Әлем таныған Абай» атты мектепішілік бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Осы іс-шараларының негізгі мақсаты Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таратылуын насихаттау, бүгінгі ұрпаққа Абай мұрасына қызығушылығын арттыруболып табылады. Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында « Абай – дара қазақта, Абай – дана» атты әдеби кеш жоғары деңгейде өтті.  1-4 сынып оқушылары белсене қатысып, Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, әр сынып мақтау қағаздарымен марапатталды. Абайдың өлендерін жатқа айтуда көрермен көзайымы атанған оқушылар: Зейнолла Мағжан 1 «Ж», Ерлан Елдана 1 «И» және Абай аудармаларын орыс тілінде оқыған Дюсембаева Амина 1 «Б», Зекен Медина 3 «Б», Дорохов Кирилл 2 «В» болса, Лермонтов М.Ю., Крылов И.А. мысалдарының аудармаларын қазақ тілінде Елена Козлова 3 «Б», Данил Саенко 1 «К»сынып оқушылары өз дарынымен ерекшеленді. Іс-шара соңында Абайдың бірнеше өлеңдерін жатқа айтқан оқушыларға жүлделі орындар берілді.

ІІІ орын: Дорохов Кирилл-2 «В», Ерлан Елдана 1 «И», Козлова Елена 3 «В», Әшімхан Дінмұхаммед 3 «В», 

ІІ орын: Сапабек Аиша 1 «К», Аяпберген Ұлықбек 2 «А», Аманбай Мадина 3 «А», Қалымтаев Бекжан 1 «Г»

І орын: Есенгелді Інжу 2 «Г», Нұрмұхаммед Ляйля 3 «А», Сырлыбай Аружан 3 «Ж».

 Аудандық «Абай оқулары» байқауында 2 «Г» сынып оқушысы Есенгелді Інжу 2 орынды иеленсе-  жетекшісі Ахметова Даметкен Кайратовна,  3 «А» сынып оқушысы Нұрмұхамед Ляйля 3 орынға ие болып-  жетекшісі Аюпова Анар Мухаметжановна, 3 «Ж» сынып оқушысы Сырлыбай Аружан  белсенділігі үшін марапатталды жетекшісі Салманова Гульмарал Ермырзаевна. 1 «Ж» сынып оқушысы Аяпберген Жания Республикалық «Жүзден жүйрік» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауына қатысып, «Абайды оқы, таңырқа» номинациясында  І-дәрежелі дипломмен мапарапатталды.

Сонымен қатар қабырға газеттер сайысы да ұйымдастырылып, ондағы ақпараттар үш тілде шығарылды. «Үздік қабырға газеттер» номинациясында  төмендегі сыныптарға мақтау қағаздары берілді: 2 «Л», 3 «А», 2 «В», 3 «Ә». Әр сыныпта«Әлем таныған Абай» , «Білімдіден шыққан сөз» тақырыптарына сынып сағаттары өткізілді.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Абай Құнанбайұлының өлеңдерін келесі ата-аналар жатқа айтты:1 «Ж» сыныбының ата-аналары: Бақтияр Кәусардың әкесі «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?» , Қарақалпақ Кәусардың анасы «Алланың өзі де рас,сөзі де рас», Иса Камиланың анасы «Өлең сөздің патшасы», Абимола Қарақаттың анасы « Қалың елім қазағым қайран жұртым», 3 «А» сыныбының ата-анасы Талғат Бейбарыстың анасы Исмаилова Балнұрдың «Әсемпаз болма әрнеге». Ақынның әндерін1 «Ж» сыныбының ата-аналары: Кемеңгер Кемелханның ата-анасы «Айттым сәлем , Қаламқас», Қабден Аяулымның әкесі «Көзімнің қарасы», 4 «Е» сыныбы Қайрден Сағалидің анасы Каскарбаева Райгүл « Көзімнің қарасы» әндерін домбырамен шырқады. Қатысқан ата-аналардың барлығы марапатталды.  Мұғалімдер ұжымы «Ән көңілдің ажары» атты Абай әндерін хормен шырқап, челлендж кезегін «Дара» бизнес-академиясына жолдады.

Қазақтың біртуар ұлының шығармаларын жаңғырту әлеуметтік желілер, интернет сайттары арқылы да мектепте болған іс-шаралар жарияланып отырды. Абай мұрасын оқып білуге , тани түсуге , тұңғиығына ене беруге бағытталған іс-шаралар жалғасын әлі де табуда.

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст