"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.02.2018

Р. Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінде

«ҮЗДІК ЖАС МАМАН»

тақырыбында өткізілген мектептің жас мамандары арасындағы сайыстың есебі

«Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтаң қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында» деген мақсатпен  мектебіміздің жас мамандары арасында«ҮЗДІК ЖАС МАМАН» сайысы өтті. Осы уақытқа дейін ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын ғана бастап жатқан жас мамандарымыз өз қолдарынан келгендерін, өнерін, білімін ортаға салып бізді таң қалдырды.Жас мамандарды өз ұстанымдарымен ортаға шақырып, 6 кезең бойынша жарысты. 4 жас маман қатысты, олар, ағылшын тілі жас маманы Келгенбаева Арайлым, информатика пәні жас маманы Орынбасар Жанерке, орыс тілі пәні жас маманы Абрашид Айдана және бастауыш сынып жас маманы Сулейменова Фариза бақ сынансуға түсті.

Мектеп директоры Рамазанова Гульнара Валиевна бастап, директор орынбасарлары қостап әділдік етті.

1 кезең-«Таныстыру». Әр қатысушы өздерін таныстырды. Ескерілді: мазмұны, көрерменге әсер етуі, орындау шеберлігі, эмоционалдылығы.

2 кезең-«Ширату». Әр қатысушағы 3 сұрақтан берілді.

3 кезең-«Көкпар». Мақал-мәтелдер жарысы. Қатысушыларға мақал айтылып, тапсырма мақалды аяқтау болды.

4 кезең-«Өнер өрге жүзгізер». Әр қатысушының бойында мұғалімдіктен тыс жасырылған өнерлерін көрсету болды. Ескерілді: шынайылығы, мазмұны, көрерменге әсер етуі, орындау шеберлігі.

5 кезең-«Біле білген білімді». Әр қатсушыға педагогикалық жағдаят қойылды. Ескерілді: жағдаятты шешу шеберлігі, педагогикалық-психологиялық сауаттылығы, түсінікті баяндауы, жедел әрі нақты жауап беруі, өзіне, жауабына сенімділігі.

6 кезең-«Тағам сайысы».Әр қатымушы тәтті тағам түрін дайындады.

Әділ-қазы алқасы әділ бағасын беріп нәтижесінде:

Бас жүлдені –информатика пәнінің жас маманы Орынбасар Жанерке жеңіп шықты.

1 орын – орыс тілі пәні жас маманы Абрашид Айданаға.

2 орын – ағылшын тілі жас маманы Келгенбаева Арайлымға,

3 орын–бастауыш сынып жас маманы Сулейменова Фаризаға берілді.

Сайыскерлерімізге мектеп директоры атынан Диплом және сыйлық беріліді. Жас мамандар тәлімгерлерімен біріге отыра осы сайыста белсене қатысты. Сайыс жоғарғы деңгейде өткізілінді.

    Ұйымдастырушы:

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметжанова С.С.

Просмотров: 722


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст