Р. Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінде
«Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам!»
тақырыбында өткізілген Көңілді тапқырлар клубы ойынының есебі
Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденуге, топпен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету мақсатын негізге ала отыра мектебімізде 8-10 сыныптар аралығында КТК (КВН) ойындары өткізілді. Сыныптарға алдын ала хабарлама беріліп, ойын кезеңдері таратылынды. 2 апта уақыт беріліп сыныптар үшінші аптада аптада сайысқа шықты.
Кезеңдері:
Бірінші кезең: «Топтық сәлемдесу»
Екінші кезең: «5 жаңалық»
Үшінші кезең: «Капитандар жарысы»
Төртінші кезең: «Үй тапсырмасы»
«Күлкі – денсаулық азығы»- демекші көңілді тапқырларымызды реттік нөмірлерін берумен бастап, әр кезеңдер бойынша рет-ретімен жүріп отырды.Үшінші кезеңде өз сыныптарын аброймен алып шыққан капитандар жарысы өтті. Экранда мультфильмдер үзінділері көрсетіліп, капитандар әр түрлі жанрда, әр түрлі кейіпкерлердің образдарына еніп ырғаққа сай рөлдік ойнап жоғарғы деңгейде өз командаларын алып шықты. Әділ-қазы алқасы әділ бағасын беріп нәтижесінде, 1 орын 8 «Ә» сыныбы «Эверес» командасы жеңіп шықты. Сондай-ақ, 2 орын 8 «А» сыныбы, 3 орын 9 «А» сыныбы иеленді қалған сыныптарға номинация есебінде дипломдар таратылынды. Сайыс жоғарғы деңгейде өткізілінді.