Адал Ұрпақ ерікті мектеп клубтары туралы
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары бойынша 13-ші қадамның 9 – тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республиканың жалпы білім беру мектептерінде азаматтық-патриоттық тәрбие және рухани-адамгершілік мән-мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы енгізілді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының 2016-2017 оқу жылындағы апробациясы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының одан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді. 2017-2018 оқу жылының басынан облыстың білім беру ұйымдарында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының іске асырылуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының рөлі орасан зор. Өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік шыдамдылық қағидаларын қалыптастыру заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны мазмұнды ету арқылы жүзеге асырылуда. Мұндай шаралар қатарына стендтер жасау, сыныптарда және дәліздерде «Парасатты азамат» бұрыштарының орнатылуы жатады. Ағымдағы жылда, білім алушылар арасында «Адал ұрпақ» патриоттық клуб мүшелерінің отырысы, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікірталас практикумдары және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» тақырыбында іскерлік ойындар, «Қазақстан – құқықтық мемлекет» атты айлықтары өтті. Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет конкурстары және эссе жазудан байқаулар өткізілді.