Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің
Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының
І тоқсанда жасалынған жұмыстар есебі
Мектеп тәлімгерінің бекітілген жоспарына сай Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының тізімі жасалынды. Алғашқы қоңырау Білім күнінен бастап ұйым бекітілген жоспарға сай жұмыстар жасады. Жоспар құрылып, оқушылар жиналысы өтіп ұйым арасында ұйым президенті, президент орынбасарлары тағайындалды. Президент 9 "А" сынып оқушысы Кеңған Бекзат болып тағайындалды. Бекзат бастаған ұйым мүшелері осы аралықта деңсаулық күніне белсене ат салысты. Бірлескен ұйым мектеп тәлімгерімен бірге "Ұстаздар күнін", "Алтын күз" мерекелік іс шараларлы ойдағыдай атқарды.
Ұйым Перзиденті
9 "А" сынып оқушысы Кеңған Бекзат. Сыныптың үздік оқушысы, тәртіпті, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын оқушылардың бірі. Осы аралықта бірнеше аудандық, облыстық, мектепішілік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болған.