Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің
2017-2018 оқу жылындағы «Жаңа жылдық» мейрамның өткен есебі
Біздің мектепте Жаңа жылға арналғын мейрам үш күнде атап өткізілді. Алғашқы күн 25.12.2017 жылы мектебіміздің бастауыш сыныптарында ұйымдастырылды. 0-4 сынып аралығыда қазақ-орыс сыныптарында ертегі әлемі саяхаты ретінде өткізілді. Екінші күні 26.12.2017 жылы 5-7 қазақ-орыс сыныптары аралығында және 8-11 орыс-қазақ сыныптары аралығында өткізілді.5-7 сыныптарға мерекенің басы басталынып, Кеш қонақтары шақырылып соңы би кешімен аяқталды. 8-11 сыныптар арасында, мектебіміздің жоғарғы сыныптары болғандықтан ол сыныптарға «Балмаскарад» ұйымдастырылды. Жоғарғы сыныптарға жауапты 10 қазақ сыныбы өздері ұйымдастырып, әр сыныптар жұптар дайындап сол жұптарды жарыстырды. Нәтижесінде, І-орын 10 «А» сыныбы, ІІ-орын8 «А» сыныбы, ІІІ-орын 9 «А» сыныптары үздік шығып жеңіп шықты. Оқушылардың дайындығы жоғарғы деңгейде екендігі мұғалімдерді
қуантты. Үшінші күнде мектеп ұжымының балалары үшін ұйымдастырылды. Нәтижесінде үш күнге созылған Р. Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінде Жаңа жылдық шырша мейрамы жоғарғы деңгейде, жоғарғы дәрежеде өткізілді. Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар тарапынан жақсы өткізілгені жайлы жағымды жаңалықтар, тілектер айтылды.
Жаңа жылдық мейрамды атқарып өткен мектеп ұжымының ұстаздары. Мектебімізде тігін ұйымы ашылғандықтан барлық костюмдер мектебімізде тігілді.