"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 Желтоқсан-Тұңғыш Елбасы күні

08.12.2017

Р. Қошқарбаев атындағы № 1 Қосшы орта мектебінің 1 желтоқсан Тұңғыш Елбасы

күні мейрамында өткізілген жұмыстар жайлы есебі

Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді. Бұл күнге жеткеніміз ата бабамыздың бізге жарық күн сыйлағаны. Осы аралықтағығұмырға көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезіміноятарлықтай  жеткен жетістіктер, асқан асулар мен бағындырған жаңа белестер бар. Бұл әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі десек артық емес. Осындай Қазақ атауын дүниежүзіне жар салған, жер шарында Қазақстан деген атау бар екенін танытқан бірде бір жан. Республика бойынша 1 желтоқсан Қазақстан халқының «Тұңғыш Елбасы күні» мейрамы деп тағайындалған болатын. Біздің мектепте осы мейрамға орай 1-11 сыныптар аралығында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді. Президентіміздің өмір тарихана, мемлекетіміз үшін атқарған игі жұмыстарына шолу жасалынды. Оқушылар білгенің айтса, білмегендерін толықтырған болатын. Бұл халқымыз үшін айтулы мейрам. Оқушылар ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарға белсене ат салысты. Олар үшін мемлекетіміздің даму тарихы, әрине сол тарихты жасаған игі жандарды білу құштарлықтары көзге жас толтырарлықтай. Бұл мейрам мектебімізде жоғарғы деңгейде атап өткізілінді.

Просмотров: 608


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст