Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінде
«Рухани жаңғыру» аясында «100 ән» жобасы бойынша
өткізілетін «25 ән» байқауының есебі
Мектебімізде 25 қарашада Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «100 ән» жобасы бойынша өткізілетін «25 ән» байқауы өткізілген болатын. 8-10 сыныптар аралығында ұйымдастырылған бұл байқауда қатысушыларымызға алдын ала ережеге сай тапсырмалар берілді.
1. Әнді зерттеу портфолиосын жасау
2.Әнді видеопрезентация арқылы таныстыру
3.Әнді қойылым арқылы таныстыру
4. Әнді вокалды (жанды дауыспен) орындау.
Байқауға арнайы қонақтар шақылыды. Олар: Целиноград ауданы білім бөлімінің әдіскері Гүлім Қайыржанқызы және №2 Қосшы орта мектебінің ТЖО, тәлімгері. Оқушылар таңдаған халық әндерін жан-жағынан зерттеп арнайы портфолио дайындап, перезентация арқылы таныстырып, қойылым арқалы көрсетіп, әнді жанды дауыспен орындады. Әділ қазы алқасы әділ бағасын берді. Бас жүлдені 8 «Ә» сынып оқушысы Ақылбай Арнұр «Айқаракөз» халық әнімен жеңіп шықты. Байқау жоғарғы дәрежеде өтті.