"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жасыл-үнемді»

27.11.2017

Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі бойынша

2-4 сыныптар аралығында

«Жасыл-үнемді» тақырыбында өткен сынып сағаттарының есебі

Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі бойынша 2-4 сыныптар аралығында «Жасыл-үнемді» тақырыбында жоспарға сай сынып сағаттар өтті. Сынып сағаттарының негізгі мақсаттары:

- Бастауыш сынып оқушыларының табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін өзектендіру, энергияны тиімді тұтыну және энергияны үнемдеу, ауызсу көздерін ұтымды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру.

- Топ ішінде жұмыс істеу дағдыларын, ынтымақтасу және бірегей пікір қалыптастыру дағдыларын дамыту.

- Планетаның барлық табиғи ресурстарын үнемді және саналы  пайдалануға тәрбиелеу.

Сынып сағаттары психологиялық тренингтен басталды. Сұрақ-жауап әдісі және ойын арқылы сынып сағаттың тақырыбы ашылды.  Жасыл сабақ барысында  оқушылар топтарға бөлініп «Алма», «Болады, болмайды», «Кім тезірек» ойындары орын алды. Сонымен қатар «Жер бетінде қанша су қалды» атты масштабталған тәжірибе мұғалімнің көмегімен өткізіліп, «Су»,«Энергия», «Қоқысты бөліп жинау» бейне роликтері тамашаланды. Оқушылар роликте көрсетілген және естіген сөздерді жазып алды.Әрбір командадан бір оқушы шығып, команда жазып берген барлық сөздерді оқып шығып, кейінгі команда әлі айтпаған сөздерді ғана оқып береді. Ең көп сөзді жазып алған команда жеңімпаз болады. Балалар бейнематериал бойынша бір-біріне мәнді-мағыналы сұрақтар қойып, энергия мен энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу проблемасына назар аудару қажеттілігі туралы қорытынды шығарды. Оқушылар энергияны пайдалану, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғауға дағдыланды , мектепте алған білімдерін іс жүзінде қолдануға  үйренді.

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст