"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани Жаңғыру

15.11.2017

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Сөз жоқ, «Ұлттың рухани коды» дейтін академиялық ұғым кешелі-бүгін ғана емес, Мемлекет басшысының ой-санасында әлденеше рет елекке түскен, таразыға тартылған, сан жылдардан бері сарапталып, пісіп жетіліп, өзінің сын сағатын күтіп келген дүние екені даусыз. Осы кезеңдерге дейін еліміздегі жүзеге асырылған

ірі-ірі жобалар мен стратегиялық бағдарламалардың дені саяси-әлеу­меттік, экономикалық ендіктерге құрылған болатын. Бәрі де рет-ретімен және өте сәтті жүзеге асырылып келді. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Елбасы тегін айтқан жоқ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар.2017 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру бойынша сынып сағаты өткізілді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз

белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектепшілік жұмы жоспары жасалып, бекітілді. «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмыс жоспарына сәйкес 2 қыркүйек «Білім күні», «Рухани жаңғыру» аясында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабақтары өткізілді.

"Мен өз елімнің патритымын"- сынып сағаттары

1-4 сыныптар арасында «Мен патриотпын», 5-7 сыныптар «Мен мәдени ұлттар игіліктер патриотымын», 8-9 сыныптар арасында «Мен-Патриот-Азамат» арқауымен өткізілді. «Рухани жаңғыру» аясында «Мен –өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағы «Болашаққа бағдар», «Взгляд в будущее»  атты видеофильмінің көрсетілуімен өткізілді. Жоспар бойынша «Рухани жаңғыру рухтандырады» атты дөңгелек үстел өткізіліп талқыланды. 23.09. 2017ж «Біз мұғалімдерді мақтан етеміз» атты зейнетке шыққан ардагер ұстаздар құрметіне арнайы іс-шара өтті. Мектептің жалпы тәрбие жоспары бойынша патриоттық тәрбие беру мақсатында16.09.2017 ж. 11 сыныптарда  «Урок мужества. Есть такая профессия –Родину защищать» тақырыбында сабақ өтті. Сабаққа осы мектептің түлегі, қазір әскери офицері  Ищанов Бекмұрат қатысты. Оқу жылдың басында мектепте Отбасы күніне арналған сынып сағаттар өтті. Мысалы, 5 «А» «Менің отбасым» атты ашық сынып сағаты өтті. «Туған жер» жобасы аясында 9-11 сыныптар арасында тарих  пәні оқытушылар Батталова Р.Т. және Қожақова Ж.М «Алаш қозғалысына 100-жыл» тақырыбында оқушылар конференциясы өткізілді.Аудандық  ішкі саясат бөлімшесінің мамандары мектепте «Рухани жаңғыру» бойынша оқушылармен кездесу өткізді.

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст