"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңартылған оқу бағдарламасы: тәжірибе, туындайтын мәселелер және шешудің тиімді жолдары

15.11.2017

Серіктес мектептермен желілік қоғамдастық аясында  08.11.2017 жылы Р.Қошқарбаев атындағы № 1Қосшы орта мектебінде «Жаңартылған оқу бағдарламасы: тәжірибе, туындайтын мәселелер және шешудің тиімді жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігін анықтап, тәжірибе алмасу. Серіктес мектептерден 12 мұғалім келді: №3 Талапкер орта мектебі, №25 Красный Яр орта мектебі, № 41 Қабанбай батыр орта мектебі, №2 Қосшы орта мектебі.

          Тәжірибе алмасу:

1.Бастаушы сынып – Бектаева П.М.

2.Бастауыш сынып – Гассельбах И.В.

3.Қазақ тілі – Исина Г.Е.

4. Информатика – Жакупова Э.М.

5. Математика – Наурызбаева К.

6. Бастауыш сынып – Аюпова А.М.

  Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұнын іске асыру, сыни ойлауды қалыптастыру, жоспарлау бойынша көп жұмыс жасағаны көрінді. Әр баяндамадан кейін талқылау, пікірталас, ортақ пікірге келу орын алды. Мұғалімдер СБ бойынша толғандырып жүрген сұрақтарына мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінен жауап алды. Тиімді әдістер туралы көп мәліметтер алынды.   Мектеп мұғалімдерінің іс – тәжірибесі әр қатысушыға маңызды болды. Әсіресе мектеп мұғалімдерінің өз істерінің маманы, қиындыққа мойымай тек алға қарай қозғалуға нақты шешім қабылдағаны көрінді. Бұл өте жақсы, себебі нәтижеге жету үшін мұғалімнің өз ісіне сенімділігі, біліктілігі қажет. Мектепте жаңартылған білім мазмұны бойынша істеліп жатқан жұмыс дұрыс бағытта екені көрінді.

   

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст