Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы Біртұтас Ұлт ретінде болашаққа құтты қадам жасауға бастайды. Сондықтан да болар халықты ұлы істерге жұмылдыратын бағдарламалық мақала бүгінде зор қолдауға ие болып, қызу талқылануда.
Қосшы №1 орта мектебінде де өткен дөңгелек үстел басында Ұлт көшбасшысының аталмыш материалда айтылған көзқарастары кеңінен түсіндіріліп, ой орамдар ортаға салынды. Мұғалімдер, мектеп әкімшілігі қатысып отырған дөңгелек үстелде сөз сөйлеген мектеп директоры Рамазанова Гульнара Валиевна Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің рухани жаңғыру жолындағы болашақ
бағыты айқындалып отырғанын айтып, қазақстандық әрбір азаматтың сана-сезімі рухани дамымай қоғамдық қатынастар реттелмейтіндігін, бұған дейін сөз болған «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін сананы жаңғыртудың маңыздылығын тілге тиек етті. Мақалада мән берілген бірнеше бағыттарға тоқталды. Содан соң тәрбие ісі меңгерушісі Кульчманова Гаухар Алекбаевна күн санап өзгеріп жатқан әлемдегі алға жылжушылықтарға ілесу үшін бізге Мемлекет басшысының мақаласында айтылғандай сана-сезіміміз бен дүниетануымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылуымыз керектігін, ол еліміздің еңсе тіктеуіне сеп болатындығын сөз етті.
Отырысты қорыта келе мектептің ата-аналар кеңесінің құрметті мүшесі Қабидолла : - «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы деп білемін. Елбасымыз өз мақаласында таяу жылдарға арналған нақты міндеттерді айқындап берді. Осы ретте әсіресе, жаңашыл рухта тәрбие көрген жастарымыз белсенді жұмыс жасауы керек. Сонымен қатар, Елбасы рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды сақтау екенін әрдайым есте ұстап, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырған орынды деп атап өтті. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық
болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда сақталғанда ғана Ұлт ретінде
жасай беретін боламыз», - дей келе, қоғамымыздың рухани жаңғыруын айқындап тұрған бағдарламалық құжаттағы міндеттерді іске асыруда баршаны белсенділік танытуға шақырады.
Дөңгелек үстелде талқыланған тақырып бойынша біз келесі мәмлеге келдік: рухани жаңғыру елді ерекше жігерлендіреді, ондағы әрбір пәлсәпа Қазақстанды қарқынды түрде өсіп-өркендеуге жетелейді. Назарбаев мақаласы назарда тұратын мәселелерді қамтыған, Елбасы сөзі елдікке бастайды.