Мектебімізде Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар өткізілді. 2г
сыныбындағы тәрбие сағатында аудан соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы бастауыш сынып оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Ракишева Лайла Нурлыбаевна. Адам баласының
бар жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Әр адамның болашаққа деген сенімі мен көзқарасы тек қана бейбіт өмір. Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, ержүрек ер азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Осындай ауыр аманатты арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ағаларымыз- бүгін біздің
ортамызда. Олар Жумагулов Темірхан Аймағанбетович пен Карибаев Ардақ Амангельдинович. Осы кездесуде оқушылардың дайындаған сазды бағдарламасы көрсетілді. Сабибулат Анель «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әні орындалды. Оқушылар кездесуге келген қонақтарға сұрақтар қойды. Мектеп директоры құттықтау
сөз сөйледі. Хормен «Ел қорғауға әзірміз» әні орындалды. Кездесу өте жақсы өтті.