Мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тәрбие сағаттың
тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері.
Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер
сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын
жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік,
ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат
сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ
бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің
жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын
қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару –
көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса,
бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Альмира: Құрметті асыл аналар, әжелер мен
қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8- наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Ақнұр: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің
шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
Альмира: Ананың тілегі, ананың
жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық
күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.
Ақнұр : Анаңды Меккеге үш рет
арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
Альмира:
Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол –
анамыз.
Ақнұр : Бүгінгі 8 - наурыз – аналар
мерекесіне арналған «Анамның аяулы
алақаны»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз
аналар сіздер үшін.
Альмира:
Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.алалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!! Ән: «Көңілді күн»
Бауыржан:Ана біздің елде ардақты адам,
Кіші де , үлкен де
оны ардақтаған
Өзінің аяулы –Отанды да,
Ана деп біздің
халық текке айтпаған
Гүлназ:Ана деген асқақ ән
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты
Таба алмайсың ешқашан
Бахтияр:Ана
деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса
Тек анаңа жақынсың
Д.Ақнур:Ақыл
құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Үнемі
менің қасымда.
Ислям:Анаң
болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Мадияр:Теңдесі
жоқ данасың
Арқа тұтар панасың,
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы анашым!
Хормен: Бәрі жақсы ананың
Бәрі де оның керек
–ау Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек –ау
Альмира :Дүниеде анасыз адам
болмайды. Мына отырған сендер де мен де, осы біз бәріміз анадан туып, ананың көкірегінен нәр
алған жандармыз
Ақнұр:Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен
Альмира: Құтты болсын анашым,
Құтты болсын мерекең!
Ақтоты:Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз ананлар!
Аян: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
Әліби: Сүйіктім деп жүретін
Қадіріңді білетін
Өссем ұл боп жан ана,
Орындалар тілегің
Сөзің шырақ
секілді,
Сүйем соған жетуді.
Қанат қағып самғауға,
Балаң бекем бекінді.
Ерәлидің орындауында күй:
Аяжан:Ана десем – шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Санжар:Шуақты көктем келді гүлін
алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі
Ана деп бас иеді күллі халық.
Нұрсұлтан:Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым
Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
Әліби: Бізге осы жарық дүниені
сыйлаған кім? Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Әліби: Түн ұйқысын төрт бөліп,
бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Ән «Көктем келді»
Ерәли:Ана деген-өмірдің мөлдір кәусәр бұлағы,
Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
Ардақты
ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті
ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың.
Өміріме
нәрін берді ақ сүтің
Кең
құшағың –аясындай гүл бақтың.
Альбина:
Ана
– дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана
– дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана
– деген бәйтерегі өмірдің,
Ана
– деген алтын қазық,алтын бақ.
Ана
десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің
бастау алар жаңа әні.
Ана
деген тіршілікте пана боп,
Әрбір
үйде жұлдыз болып жанады.
Еламан:Аналарды
ардақтаған халқымыз
Ертендерге
жалғанады салтымыз
Аналардың
, арулардың қызығы
Құтты
болсын 8- ші наурызыңыз
Сіздер
барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі
гүлдей жайнап тұрыңдар
Құтты
болсын мерекесі көктемнің
Құтты
болсын тойларыңыз аналар!
Хор: «Құттықтаймын, мама, мерекеңмен!»
Ернұр:Құрметтейік, о адамдар,
аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр ұадамды
Дария:
Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа, анашым, ертең-ақ
Отың болып жанам ғой
Рауананың орындауында күй
Дәулетхан:Гүл-гүл жайнап бәріміз
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз
Мөлдір:Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Рауанан:О, анашым
Таянышым, тірегім
Бар бақытты бір басына тіледім
Мен жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің
Еркежан:Бүгінгі көктем күніүде
Барлық адам қуанар
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар
Сен жалықпай жетектеп
Мен жаттыға жетермін
Көрініс: «Анасын сағынған қыздар»
Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор :Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын,
сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң
ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш
ұл: Мен оның басын балтамен шабар
едім.
Екінші
ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар
едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі.
Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені
жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық
дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне
жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым! .
Мұғалім:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім – дей отырып қыздарға
арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын
табыс етеді)\
Альмира:
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана үріңіз
Ақнұр: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық
бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар
әкелсін.
Ән:Ақ
мамам
Би: бір топ қыздар
Мұғалім: Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде,
әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат
ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана
борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды,
ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Құрметті аналар осымен біздің
шағын тәрбие сағатымыз аяқталды .Хош сау болыңыздар!