2017 жылдың 12 мамыр күні Тайтөбе орта мектебінде өткізілген аудандық «Ақын жазушылар оқулары» байқауына мектебімізден үш оқушы қатысып, жүлделі орындармен оралды. «Ел құтқарарер едім...» Махамбеттің,Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқыды. Оралхан Бөкей оқуларында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауында прозалық, драмалық шығармалардан үзінділер оқылды. «Ұлы арман» ақындардың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың конкурсы өтті. «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас дарындар конкурсында өз шығармаларын орындады. Әділ-қазылар алқасы дарынды оқушыларды өнерлерін бағалауда оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, мәтіннің мазмұнына басты назар аударды. «Фариза оқулары» сайысына өз шығармашылығы бойынша қатысқан 11-сынып оқушысы Сарқыт Гүлайым 1-орынға ие болса, «Махамбет оқулары» сайысына өлеңді мәнерлеп жатқа оқығаны үшін 10-сынып оқушысы Махметқұл Ұлболсын 2-орынды иеленсе, Оралхан Бөкейдің прозасы мен драматургиясын мәнерлер оқудан 10-сынып оқушысы Таңат Әсел белсенділік үшін алғыс хат иеленді. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смаилова Елназ Ернұровна. Жүлдені тапсырған аудандық әдістемелік бөлімнің әдіскері Мусина Айнұр Далабаевна жеңімпаздарды
аудандық алғыс хаттармен марапаттады. Мектебімізден дарынды оқушылар жыл сайын аудандық байқауларға қатысып отырады. Жеңімпаздарға жүлделеріңіз құтты болсын дейміз.