"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ер есімі- ел есінде"

16.05.2017

                                                   

             «Ер есімі-ел есінде»

           5 мамыр 2017 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылы Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебіне Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған «Батырлар туған бақ мекен» атты инновациялық жобасы аясында ұйымдастырған экспедициялық топ, ғылыми-экспедициялық іс-сапармен мектебімізде қызықты да тартымды мәдени іс-шара өткізді. 8 -11 сынып оқушыларына Мәлік Ғабдуллин мұражайының директоры, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Зеренді ауданының құрметті азаматы Мырзабек Құдайберлі Рахымбекұлы батыр атамыз Мәлік Ғабдуллиннің  өмірі мен шығармашылығын, ерлік жолын жас ұрпаққа насихаттап, тарихи деректер келтіріп дәріс-сабақ жүргізді. Мектебімізге

естелік ретінде «Ақын халықтың батыр ұлы» аттыАқмола облысы мәдениет басқармасы «Мәлік Ғабдуллин музейі» МКМ шығарған даңқты тұлға туралы естеліктер жазылған кітапты сыйға тартты. Мұражайдың аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз

Мұратқызы «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы  көрме  ұйымдастырды. Мұражайдың бас қор сақтаушы, директордың орынбасары  Жүзжанова Серікжан Құдайбергенқызы батырдың ерлік істері  және майдандастары туралы естелік мәліметтер берді.  Мұражайдың экскурсоводы Балтабаев Абзал Азаматұлы «Достықтың мәңгі жыршысы» атты Мәлік Ғабдуллиннің «Менің меймандас достарым» еңбегіндегі кейіпкерлердің қаһармандық бейнесі тақырыбындағы дәрісін оқушыларымыз бар ынталарымен тыңдады.  Мектеп оқушылары дайындаған сазды бағдарламада домбырашылар ансамблі «Көне қала Бытығай» атты күйді нақышына келтіре орындады. «Әлия» әнін мектебіміздің 7 сынып оқушысы Ақылбай Арнұр көрермендерді өзінің  ерекше дауысымен таң қалдырды.  Биші қыздарымыз «Пилотшылар» биін биледі, «Сарбаздар» әнін 8ә сынып оқушылары орындады. Мерекелік іс-шараға  келген қонақтарға сөз берілді. Қосшы ауылдық округінің бас маманы Казенова Саниям Милхайдаровна,  аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Кабыкенова Айткүл Аманжоловна, Қосшы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Абаков Кабдильбар Көпжасарұлы, мектеп директорының қызметін атқарушы  Рамазанова Гүлнара Валиевна, мектептің оқу ісінің орынбасары Ильясова Сұлуай Қуанышқызы батырлар ерлігі туралы тебірене сөз сөйледі. Жас ұрпаққа ұлы тұлғаларымызды таныту біздің міндетіміз. Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Оқушылар үшін бүгінгідей тағылымды кездесудің маңызы өте зор.М

                        Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі

             Исина Гүлдариға Есланбекқызы

Просмотров: 570


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст