2017 жылдың сәуір айының 26 күні Целиноград аудандық мәдениет үйінде өткізілген «Мерейлі отбасы» ұлттық
байқауына Қосшы ауылынан «Исиндер отбасы» қатысып, жүлделі 1 орынды иеленді. Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мерейлі отбасы» байқауына өнегелі отбасы мәртебесін көтеру мақсатында қатысушылар бар ынтасымен қатысты. Байқаудың барысында сайыс барысында отбасылар өздерін таныстырды, салт-дәстүрден қойылымдар, ән-жыр байқауы өтті, мақал-мәтел жалғастырды, спорттық сайыс қызықты да тартымды ұйымдастырылды.Барлық қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықпен келген, еңбектері бағаланып, отбасы тәрбиесіндегі жастарға үлгі болғаны үшін аудан әкімінің дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Халқымыз отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халық. Шаңырақтың шаттығы дана қариялары мен
тәрбиелі балаларымен берекелі. Біздің «Исиндер отбасы» да білім-өнер, спортты тең ұстаған үлгілі жанұя. Отбасында екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Балаларын саналы болуға, мәдениетті, қарапайым, мейірімді, үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сөз таластырмауға, әдептілікке тәрбиелеуде.
Балалары бос уақыттарында спортпен айналысады: қыздары шахмат ойнайды, ұлы каратэмен айналысады, бақытты балалық шақтарын жақсы өткізуіне барлық жағдай жасалған. Абай атамыздың ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста деген ұлағатты сөзін басшылыққа алған. Үй иелерінің ата-аналары да ұстаз болған кісілер, бүгінде зейнеткерлер. Үлкендердің жолын балалары жалғастыруда. «Тәрбие көзі- халықта» дегендей халқымыздың даналық, шешендік сөздерімен сусындап өскен балалары, қашанда ел баласы болатынына сенеміз. Отбасы мүшелері:
Исина Салия Мұратқызы №1 Қосшы орта мектебінің 8ә сынып оқушысы, оқу озаты. 2016 аудандық ақын-жазушылар байқауында мектеп оқушылары арасында поэзия бөлімі бойынша 2 орын алды. 2017 оқу жылында математика, ағылшын, қазақ тілдерінен республикалық пәндік қашықтық олимпиадасының жүлдегері.
Исина Дария Мұратқызы №1 Қосшы орта мектебінің 6а сынып оқушысы, бірнеше мақтау қағаздарының иегері. «Біз таланттыларды іздейміз» атты патриоттық ән байқауының қатысушысы, мектепішілік ән-спорт сайыстарының жеңімпазы.
Қайырбек Ағыбай Мұратұлы 1д сыныпоқушысы. Сабағын жақсы оқиды, каратэден 2017 жылы өткізілген аудандық жарыста І орын алды. Ән айтқанды ұнатады.
Исин Мұрат гір тасын көтеруден Қазақстанның жеңімпазы, жыл сайын өткізілетін ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық спорт сайыстардың жүлдегері. Мақтау қағазы мен спорттық кубоктардың иегері.
Исина Гүлдариға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, №1 Қосшы орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі, жоғары санатты мұғалім. Еңбек өтілі - 26 жыл. Республикалық қашықтық олимпиаданың жеңімпазы,«Менің мамандығым» атты халықаралық педагог байқауының жүлдегері, «Педагогикалық қауымдастықтағы мұғалім
көшбасшысы» І деңгейлік курсы сертификаты және бірнеше мәрте аудандық білім бөлімінің мақтау қағазының иегері. Егеменді еліміздің білімді жас ұрпағын тәрбиелеуде еңбек етіп келеді. Әр ата-ананың мақсаты шаңырақтың берекесін кетірмей, шайқалтпай ұстау. «Отбасы-шаңырақтың ынтымағы» деген ұлы сөзді естен шығармау. Жастарға үлгі болатын «Мерейлі отбасы» сайысы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Сайыстың жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз.«Мерейлі отбасы» деген атаққа лайықты болыңыздар.
Мектеп әкімшілігі