"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эстетикалық пәндер апталығы

05.04.2017

№1 Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы орта мектебінде 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында эстетикалық пәндер апталығы пәндері бойынша апталық өтті.Апталық кезінде технология пәні бойынша Егембердиева Өрікжан Қайыржановна 6-шы сыныптарда «Республикадағы ағашты мәнерлеп өңдеудің түрлерінің ерекшеліктері» деген тақырыпқа ашық сабақ өткізді . Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ барысында мұғалім өз біліктілігін көрсете

білді. Оқушылар да біздің елімізде өсетін ағаштардың қандай өндірісте қолданылатынынан хабардар екенін білдірді. Ағаштардың қандай тәсілмен өңделіп оны қалай қолданысқа кіргізу керектігін өз пайымдауларынша түсіндірді. Барлық бала сабаққа ынтамен қатысып отырды. Сондай- ақ қыздар арасында да технология сабағынан Касымова Мастура Шамиловна 5 «Б» сыныбында «Киім үлгілері» атты сабақ өткізді. Мұғалім балаларға қазақ халқының және әр түрлі халық киімдерінің үлгілерін көрсетіп олардың қандай матадан тігіліп , қай киімді қандай уақытта

киюге ыңғайлы болатынымен , киімдердің тігілу ерекшеліктерімен таныстырды.

Оқушылар да өз білгендерін ортаға салып асқан қызығушылықпен тамашалады. Сабақ барысында киім үлгілері көрсетіліп, сұрақтарда жауаптарды оқушылар беріп отырды.Сабақөте қызық өткізілді.

  Келесі күндері музыка пәнінің мұғалімі Касымова Гүлбағыш Амановна «Қыз Жібек : жыр -опера -кино» деген тақырыпта 5 «Ә» сыныбында сабақ берді. Сабақта жырдан, операдан, кинодан үзінділер көрсетілді.

Оқушылар топқа бөлініп, әр топқа ат берілді. Әр топ өз тобына берілген атқа сай тапсырмалар алып ,соған жауап берді.Кроссворд шешілді. Жыр айтылды. Кино туралы сұрақтар қойылып, соларға жауап алынды. Сабақты оқушылар жақсы қабыдап өз ризашылдығын білдірді.

Сырбаева Айдана Галымжановна сурет сабағынан 4 «Ә» сыныбында «Модульдік оригами технологиясымен

гүл шоғын орындау» деген тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты да тартымды өтті.  Мұғалім оқушылармен өткен сабақтарға шолу жасап оқушыларды өтетін сабаққа дайындап алды, сөйтіп жаңа сабақты бастап кетті.  Сабақ бойы құлаққа жағымды әсер ететін музыка ойналып тұрды. Бұл оқушылардың көңіл күйін көтеріп

өздеріне берілген жұмысты көңілмен орындауға жақсы әсер етіп отырды. Оқушылар тегіс тапсырмаларын істеп өз ара бір бірінің жұмыстарын қарап қызығушылық танытты. Сабақ соңында барлығы жасаған гүлдеріне жақсы баға алып қуанышты көңілде сабақты аяқтады.

Сурет сабағынан Утепбаев Мұхтар 6 «Ә» сыныбында «Қазақ халқының қолөнері мен шеберлері» деген

тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты да мазмұнды өтті. Жалпы оқушылардың

сурет сабағында   сурет салуға деген көңілдері байқалады. Мұғалімнің өз сабағын жақсы меңгеріп оқущыларға білгенін жеткізе алу қабілеті арқасындаоқушылардың сурет сабағын жақсы көретіні сезіледі.Мұғалім бүгінгі

күннің материалдарын мүмкіндігінше қолдана білді.

Дене шынықтыру сабағы бойынша бірінші болып Нижник Александр Сидорович пен Касымова Мастура

Шамиловнв 9 «Б» сыныбымен волейбол ойнап «Жоғарыдан допты беру және допты қағып алу» деген тақырыпта өтті. Оқушыларды ең бірінші денелерін қалыпқа келтіру мақсатында жүгіртіп, түрлі жаттығулар жасатты. Сосын екі топқа бөліп қыздар мен ұлдар ойнады. Ойын жарыс тәріздес қызықты өтті. Мүғалімдер оқушылардың

қателіктерін дер кезінде ескерту жасап айтып отырды. Соның арқасында ойын өте қызықты өтті. Қыздар да ұлдардан қалыспай ойнады. Оқушылардың ойнауына қарап мұғалімдердің балаларға берген білімін байқауға болатыны белгілі болды. Дене шынықтыру мұғалімдері: Ақанай Ризабек пен Қиялбеков Қажымұрат Махамбеткулович ,Шакир

Ардақ Идаятұлы,Бектемисов Азамат Донбаевич барлығы дербес сабақтар өткізді.

Барлығының сабақтары жақсы өтті. Мұғалімдердің неше жылғы еңбектері оқушылар ойынынан көрініп тұрды.Барлық  мұғалімдер өз пәндерін аса ыждағатттықпен  өз дәрежелеріне сай өткізді.

Апталық соңында оқушылар арасында «Тәтті жәрмеңке» өткізілді. Және де мұғалімдер арасында волейболдан жарыс ойын ұйымдастырылды.

 

Просмотров: 1203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст