"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білімді дамыту аясында» төс белігісімен және дипломмен марапатталды.

15.03.2017

Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халқына арналған кезекті Жолдауында – адам елдің басты байлығы екендігін айта келіп, білім беру, денсаулық сақтау, өмір сапасын

жақсарту қажеттігін атап көрсетті. Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себеп  Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат – демекші білім беруде өнерге баулу, олардың қыры мен сырын игерудегі адамгершілік қасиетімен ерекшеленетін Айсұлу Биғожақызы  2017 жылы Қазақстан Республикасының педагогикалық шебер маманы ретінде өз еңбегінің нәтижесі үшін «Лучшие в образованиии» Халықаралық үлкен энциклопедиясына еніп, «Білімді дамыту аясында» төс белігісімен және дипломмен марапатталды.

Осындай ерекше тұлғаның еңбек жолындағы өмір дастаны...

Сарсенбаева Айсұлу Биғожақызы Ақмола облысы Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев атындағы №1

Қосшы орта мектебінің директоры қызметінде 1999 жылдан бері еңбек етіп келеді. Екі мәрте аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Әр бастаған ісін іскерлікпен орындай білетін тұлға. 1992  жылы Білім беру ісінің үздігінің иегері, 2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған  төсбелгісі бар, 2006 жылы Елбасының алғыс хаты, 2008 жылы мемлекетке сіңірген еңбегі үшін Елбасының мақтау қағазымен марапатталды, қажырлы еңбегі үшін Білім министрлігінің мақтау қағазының иегері. 2013 жылы «Целиноград ауданының 85 жылдығына» арналған төсбелісі және 2015 жылы «Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған» төсбелгісі бар. Осы уақытқа дейін облыстық және аудандық бірнеше мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталған. Ұжым алдында

сыйлы, іскер ағартушы, өз ісінің шебері. Жұмыс стилін жүйелі түрде жетілдіріп, ұжымды басқаруда, жаңа тиімді әдістерді пайдаланып ізденіс арқылы нәтижеге жетеді. Ұжымның  барлық мүшелеріне бірдей әділетті, ақ жүрекпен орынды қарым-қатынас орнатып, олардың жұмыстарына іскерлікпен көмектесуге тырысады. Талап қоя біледі басқарушы. Ақжарқын, биязы мінезді, адамдарға деген сезім, ықыласы мол қарапайым, сыпайы, көпшілікпен тіл

табыса алады. Еліне елеулі, халқына сыйлы абыройлы жан.

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст