І. Қызығушылықты ояту.
1. Шаттық шеңбер
Әдепті де өнерлі
Еңбексүйгіш баламыз
Жаңа істің шебері
Жасаушысы боламыз
2. Топқа бөлу; Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. (2-минут)
3. Үй тапсырмасын сұрау
1..Ақылды болу дегенді қалай түсінесің?
2.Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылданған кездерін болды ма?
Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі.Ақылды болу үшін оқу, іздену,үйрену қажет
3Сахналау. «Байлық, бақыт,ақыл,» ертегісін сахналау.
ІІ. Мағынаны ажырату
Тақтада не көріп тұрсындар
-Еңбек етіп жатқан адамдар
Алдағы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақыл болу үшін көп еңбектеру керектігін білдік. Және қызықты шығармалармен таныстық.Адам баласы еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Біз бүгін осы туралы әңгімелейміз.
Еңбек дегеніміз не?
Еңбек адамның өмір сүруі үшін қажет ті іс-әрекет
Еңбектің қандай пайдасы бар?»тәрбиелейді,жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді,шынықтырады, ширатады
Адамға еңбекқорлық не үшін керек?
-Өз еңбектеріңнің жемісін көргенде қандай сезімде боласындар?
-Ал енді еңбек етудің мәнін түсіну үшін б.Досымов атамыздың «Мандай тер»деген мәтінін оқу арқылы біліп алайық
Мәтінді төрт топқа бөліп оқыту
Сергіту сәті (2-минут)
(Аңдарды мүсіндеу).
Ойынның шарты: Төрт қатардан төрт оқушы шығады, бүктелген парақшаның ішінен жазуды оқып, аңдарды
сомдайды, іс-қимылы арқылы көрсетеді,балалар оның қандай аң екенін айтады
III-Ой толғаныс
Шығармашылық жұмыс (топпен жұмыс) .
1-топ..Мақал мәтелдерді ары қарай аяқтап, мағынасын түсіндіру
Жалқаудың......... тәтті(жаны)
Еңбектің .........тәтті(наны)
............қатты болса(бейнетің)
.............тәтті болар(тапқаның)
Жалықпай, шаршамай еңбек етсең, қарның да тояды, ақшаң да болады
Шаршамай ,жалықпай маңдай теріңді төксең, сенің өз еңбегіңнен еккен егінің, ақшаң тәтті болады
2-топ.Сөзжұмбақ «Еңбек»
1.«Мандай тер» әңгімесіндегі қарияның аты(Болатбек)
2.Б.Досымовтың әңгімесі (маңдай тер)
3.Суреттерде қандай тақырып айтылады (еңбек)
4.Балабек қария бақ ішінде не егеді?(жеміс)
5.Хамиттің көшет еккен құралы(күрек)
3 топ.Алдымызда келе жатқан аналар мейрамына гүлдің суретін салады.
4 топ.Балалардың үйде ата-аналарына қандай көмек беретінін, қандай еңбек түрімен шұғылданатынын әңгімелейді.
«Сиқырлы сандық» ойыны
Шарты: алдарында тұрған түрлі түсті қағаздан күлтеше қиып өз қолыңмен еңбектеніп соған «өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік сол жайында жазамыз.Әркім өз ойын жазып сандыққа салады.Бұл күлтешелер сыйқырға айналады
«Біз бақытты баламыз »әнін орындайық
Рахмет әнді жақсы айтады екенсіңдер!
Сандықты ашып көрейік, сыйқырлы сандық сендердің жасаған гүлдерінді кәмпитке айналдырып жіберіпті
Ал енді көзімізді жұмамыз. Бағбан атайдың бау-бақшасында жүрміз.Қаптаған талдар көздің жауын алатын иісі мұрын жарып қып-қызыл алмалар. Па шіркін, исі қандай тәтті, сол бақтың бір талын алдарына әкелдім кәне көздеріңді
ашындар.Осы алма талына мен берген алманың суретіне өз армандарынды жазып іліндер.
Қорытынды:
-Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділіке жетелейді.,бақыттқа жеткізедіЕңбексүйгіш адам
айналасына да сыйлы, беденлді болады.Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті сезіне білейік.Адал еңбекті бағалап қадірлейік.
Жүректен жүрекке
Балалармен бірге шеңбер құрып тұрады да кезегімен «Өз еңбегінін жемісі неліктен тәтті?» деген сұраққа жауап беріп
шығады.
ІV. Бағалау (өзін-өзі бағалау) 3-минут
Әр оқушы өзінің сабаққа қатысу деңгейіне қарай тақтада ілінген стикерлерді алады.
Жүрек – өте жақсы
Алма – жақсы
Жапырақ – орташа
V. Рефлексия:
1. Бүгінгі сабақта маған____________________
_______________ қызықты болды.
2.Маған________________________________________________қиындық
туғызды.
3. Менің көңіл-күйім___________________ |