Жұмыс тақырыбы: Бейінді оқытуда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып оқушылардың пәндік құзіреттіліктерін дамыту.
Мақсаты:
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану негізінде оқушыларда сындарлы ойлау дағдысын
қалыптастырып, танымдық-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының Білім беру мемлекеттік стандартындағы пәндер үшін берілген міндетті білім талаптарын орындалуын жүзеге асыру;
· Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың кіріктірілген тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау;
· Әрбір оқушының қабілетіне қарай, қызығушылығына қарай бағдарлы курстар арқылы бейінді оқытуды жүзеге асыру;
· Пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
· Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдала отырып, оқушылардың пәндік құзіреттіліктерін қалыптастыру;
Мектептің әдістемелік бірлестігі туралы ереже
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Әдістемелік бірлестік (ӘБ) бір немесе бірнеше тектес пәндер бойынша оқу-тәрбиелік, әдістемелік,
эксперименталды-тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілуін іске асыратын білім беру мекемесінің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымды бөлігі болып табылады.
2. ӘБ өзінің іс-әрекетінде баланың құқығы жөніндегі Конвенцияны сақтайды, ҚР Конституциясын,ҚР Президентінің жарлықтарын,ҚР өкіметінің,оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру басқармасының барлық деңгейдегі органдарының шешімдерін,мектептің уставы мен локальды құқықты актілерін,директордың бұйрықтары мен нұсқаларын басшылыққа алады.
3. ӘБ дербес орган ретінде жұмыс істей алады,сонымен қатар кафедра құрамына да кіре алады.
2. ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. ӘБ мақсаты-мұғалімдер ұжымының кәсіптік шеберлігін,оның шығармашылық потенциалының өсуіне, жеке
тұлғаның дамуына әсер ету
2. ӘБ міндеттері:
3. ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
3.1 ӘБ жұмысының мазмұны ҚР білім беру саласындағы заңдылықты актілермен,ҚР мектебінің ұлттық моделінің даму идеяларымен, мектептің әдістемелік тақырыбымен,пәнді оқытудағы және ғылымның
педагогикалық-психологиялық саласындағы жаңалықтар мазмұнымен анықталады.
3.2 ӘБ бір пән бойынша немесе бір білім беру саласында кем дегенде бес мұғалім болғанда ұйымдастырылады. ӘБ құрамына сыбайлас пәндер мұғалімдері кіре алады.
3.3 Ұйым бекітілген (директормен немесе директордың ОТЖ бойынша орынбасарымен немесе кафедра меңгерушісімен) жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
3.4 ӘБ өзінің жұмысын демократияның,жариялылықтың,ӘБ барлық мүшелерінің мүдделерін ескерту және құрметтеу қағидаларымен атқарады.
3.5 ӘБ өзінің отырыстарын тоқсанына бір рет өткізеді.