Тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл.»
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін, білімдерін сайысқа түсіріп, жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік
қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тапсырмалар жазылған геометриялық фигуралардың суреттері, түрлі-түсті қарындаш, қағаздар.
Сабақтың түрі: сайыс.
Жүргізуші:
Таудай биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың
Қарсыласты мықты деме сен,
Білімді болсаң жығарсың –деп
«Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Сайысқа төрт топ қатысады.
1.Білімділер тобы
2.Ойшылдар тобы
3.Алғырлар тобы
4.Тапқырлар тобы
Әр топ өз тобының атын, ұранын айтады.
-Әр топтың спикері бар, спикер топтың жұмысын, бағытын, кім сөйлейтінін бақылап, басқарып отырады.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын қонақтарымыздың арасынан әділқазылар мүшелерін сайлап алайық.
-Іске сәт, сайысымызды бастайық,әр тапсырма 1 мин. Ойлануға, топпен ақылдасып шешуге беріледі.Тақырыптың тапсырмалары міне тақтада жазылып тұр.
-5,10,15,20 санның өсу ретіне қарай сұрақтар қиындалады.
Енді әр топ топтың атымен,ұранымен таныстырып өтеді.
Топ:Білімділер
Ұран:Білім-бақыт, ақыл абырой.
Топ:Ойшылар
Ұран:Ойшыл бала-елдің көркі.
Топ: Алғырлар
Ұран:Алғыр болсаң ,алға жүр.
Топ: Тапқырлар
Ұран: Тапқыр болсаң, озып көр.
Пәндер:
1.Тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін қалай табамыз?(Р=(а+в)*2.S=а*в)
2.Тұрлаулы мүшелерге қандай сұрақтар қойылады?(Бастауыш: кім?,не?,кімдер?нелер?Баяндауыш:не істеді?,қайтты?неғылды?)
3.Какая гласная пишется после шипящих ш,ж (гласная и)
4.What colour is it? (уат калэ из ит?)
-It’s blue. Итс блу. ( green-грин-жасыл, yellow-иелоу-сары,orange-орейнж-қызғылт сары, purple-пөпл-күлгін, red-ред-қызыл)
Тарих беттерінен:
1.Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл болады?(25 жыл)
2 Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
3..Қазақстан Елтаңбасында қандай жануар бейнеленген (жылқы)
4 .Кез келген мемлекеттің тұрғындары қалай аталады?(халық)
Қалай түсінесің?
1.Балалы үй базар (баланың шат күлкісі)
2.Қадалған жерінен қан алады(айтқанын істетпей қоймайды)
3.Құлағының ұшына дейін қызару (ұялу)
4.Төбесі көкке жетті(қатты қуанды,мәз болды)
Құпия сандық:
1.Тоңғақты таниды,
Беті-қолын қариды. (аяз,мароз, frost-фрост)
2.Шаңқ- шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ.
Жүріп кетсе, соңында
Қалып жатқан ізі жоқ (балық, рыба, fish-фиш)
3.Балалар алданышы.(ойыншық, игрушка, toy-той)
4.Медициналық зат (дәрі,лекарства, medicine-мэдисин)
Блиц сұрақ спикерлерге.
1 топ
1.Орман емшісі(тоқылдақ)
2.8*5 неше?(40)
3.Астана қай өзеннің бойында(Есіл)
4.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
5.Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
6.Тұрлаулы мүшелерді ата(бастауыш, баяндауыш)
7.Тұратын ауылыңның аты(Қосшы)
8.Судың түсі(түссіз)
9.Отбасында неше адам бар (өз отбасындағы адамдар)
10.Өзіңнің аты-жөнің (Өз фамилиясын, атын. айтады)
2 топ
1.Қазір қай мезгіл(қыс)
2.9*5 неше?
3.16 желтоқсан қандай мереке?
4.Қарама-қарсы қабырғалары бірдей фигура (төртбұрыш)
5.Тұрлаусыз мүшелердің сұрағы(қайда,неше, немен)т.б.
6.Аптаның соңғы күні(жексенбі)
7.Ауа көріне ме?(көрінбейді)
8.Өз сыныбында неше оқушы бар?
9.Өзіңнің аты-жөнің (өзі айтады)
10.Орыс тілінде оқитын пәннің аты. (орыс-тілі)
3 топ
1.Жылдың бірінші айы (қаңтар)
2.ЭКСПО қай жылы басталады? (2017)
3.Қазақ тіліде не әріп бар?(42)
4.Аппақ мамық кілем (қар)
5.7*7 неше (49)
6.1-ші желтоқсан қандай мерек (президент күні)
7.Ағылшын тілінде оқитын пән қалай аталады? «ағылшын тілі)
8.Жексенбі күні сабақ бола ма?(жоқ)
9.Мұғалімнің аты –жөні (Н.Б ж/е Д.Қ)
10.Анаңның аты (өз анасын атайды)
4 топ
1.Бастауыштың сұрағы (кім? не? кімдер ? нелер?)
2.Қатып қалған су (мұз)
3.8*4 неше (32)
4.Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс (у)
5.Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
6.42 (16)
7.Қай елде тұрамыз ?(Қазақстан)
8.Өзіңнің аты-жөнің (өзін айтады)
9.Төрт мезгілге арнап өлең жазған ақын (Абай Құнанбаев)
10.Қазіргі айдын аты (желтоқсан)
«Екі жұлдыз бір ұсыныс» Достарына қандай ұсыныс тілектерін бар?(Әр оқушы тілектер айтсын, әр оқушы өз ойын айтады)
Осымен интеллектуалды ойынымыз аяқталды.Әділқазылар мүшесі ұпайларымызды санағанша
оқушылардың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайсымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста
жеңілсек те өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!