"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік- туымыз

11.01.2017

Мақсаты:  Оқушыларды желтоқсан құрбандарымен таныстыру.Аға-апаларының ерлігі туралы айту.Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Көрнекілік: шарлар, түрлі жайма қағаздар.

Мұғалім:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі. :

     Құрметті ұстаздар ата-аналар,оқушылар! Биыл дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Баршаңызды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.Отбасыларыңызға береке бірлік тілеймін .Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір

сүріп жатқан бақытты балаларсыңдар. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп – «Тәуелсіздік-

туымыз.»атты, тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүрг:  Нұрсұлтан:

 Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпін таста мұңды жүрек түндігін

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Жүрг:Рауана

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,1- слайд

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 

Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Қазақстан Республикасының гимні.

Хор

Мұғалім:Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында  қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, 

бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.

Осы  арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы  бір зер салайық.  Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты

бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

Бахтияр:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз,

Мықты болсын еліміздің керегесі,

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардық сарқылмаған,

Мөлдір

Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын – ұраным.

Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.

Даулетхан

Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,

Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!

Ерали:

Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,

Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.

Бауыржан:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным

Ән «Көк тудың желбірегені»

2-слайд

Жүргізуші:Нұрсұлтан

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ,

ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.

 Жүргізуші:Рауана

Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан

әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар»,«Ұлтшылдар»,

«Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Ерасыл:

Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,

Алатаудың көзінен де жас тамды.

Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.

Тәуелсіздік күресі енді басталды.

Әліби:

Ір қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады,

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерін мәңігілік сақталады

Аяжан :

Намыс үшін күрессең мазақтар кім?

Құлға айналу азабы азаптардың.

Қаны төгілді желтоқсан алаңында,

Бодандыққа көнбеген қазақтардың.

Көрініс

-Қайрат пен тергеуші

Тергеуші: Аян

-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат Еламан

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде

Тергеуші Аян

-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның

нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.

Қайрат Еламан

-Мен оны көргенім жоқ

Тергеуші Аян

-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.

Қайрат Еламан

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген затым бар.

Қазақ деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар… (сүйреп әкетеді).

Ақтоты:

Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты ұшқан күн.

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Мұғалім

-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 21-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. .

Ислям:

Өктем билік қаралады, даттады,

Бірақ Алла ақиқатты жақтады.

Назарбаев атамды жұрт қалады.

Түсті амалсыз Колбин деген атақты.

Санжар:

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңды еріді кеңестің

Содан кейін еркіндікті бастадым,

Мөлдір:

Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Гүлнәз: 

Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,

Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.

Отан үшін отқа түссең күймейсің,

Ізбасары болмай елге жақпаймыз

Ақнұр:.

16-желтоқсан Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Дария:

О, желтоқсан аждаһамен алысқан,

Соған жаны жігеріңді жанытсаң.

Қайраттардың рухын айт алдымен,

Жер бетінде қай қазаққа жолықсаң. 

Мұғалім:

Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Лаззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып ,олардың рухына тағзым ету парызымыз.1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне

ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне,күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)

3-слайд

Хор Атамекен.

Альбина

Астана біздің сәніміз,

Білім біздің нәріміз

Азат елдің тірегі

Болайықшы бәріміз.

Нұр атаның жолдауы

Халықтың оны қолдауы

Бақыты үшін елінің,

Болмайды еш сөз дауы!

Тәуелсіздіктің шыңы

Д.Ақнұр:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.

Желдей еркін, түздей кең қандай азат,

Ақнұр мен Альмиранын орындауында би

Мен қазақпын деген де қандай ғажап.

Мақтан етсін халықтар халықтығын

Жетер сан жыл шеккені азап.

Альмира:

  Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

  Ернұр:

Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.

Эльдар:

 Байтақ дала жерім менің,

Арта берсін кенің сенің.

Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің

Еркежан:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз

  Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ,

мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсізідк мерекесі құтты болсын! Осымен біздің шағын ашық тәрбие сағатымыз аяқталды  көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет .Сау болыңыздар!

Просмотров: 637


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст