"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыр математик

11.01.2017

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың алған білімдерін қайталап,еске түсіру арқылы одан әрі білімдерін тереңдетеді:

ә)Оқушылардың ақыл ойын, байқағыштың,ізденушілік, өз бетінше және топта жұмыс істеу қабілетін дамытады;

б)өзінің де, өзгенің де еңбегін қадірлеп алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиеленеді;        

Түрі: өткенді қайталау

Типі: білім білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу

Әдіс-тәсілдері: ойын түрінде, топпен жұмыс, іздену,сто әдістері,АКТ қолдану

Көрнекілік: суреттер,  тапсырмалар жазыл парақшалар,  корточкалар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі    

Оқушылардың математика сабағын  керекті құрал-жабдықтарын тексеру.сабаққа дайындау

1.Психологиялық дайындық.

-Балалар.жақсы сөз жанымызда   жадыратады деп-бір-бірімізге жан жылуымызды сыйлап, амандығымызды білдіріп алайық.

2.Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап:

Бәрін көріп келеміз

Болашаққа сенеміз

Жақсы оқу мен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз

-Сабаққа дайынсындар ма?

-Ендеше балалар бүгінгі сабақ ерекше,өткелі отыр. Биыл Қазақстан  тәулсіздігіне -25 жыл

Қазақстан-қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет.Өзің ұнатқан не жаңа бір істі

ашып, айналыспақшысың.

-Саған не керек?жауаптары

-Ақшаны қайдан аласың?-жауаптар

-Ал банк –мемлекеттік мекеме

-Банк немен айналысады?-жауаптары

-Жалақы береді.

-Қаламызда қандай банктер бар?

1Халық банк-1топ

2.Каспий банк-2 топ

3.Темір банк-3топ

4.Астана банк-4топ

-Банктың басшысы(банкир,банкші)

-Ал келіп отырған қонақтарымыз сендердің жұмыстарыңды бақылап отыратын салық полиициясы.

3.Үй тапсырмасын тексеру.Оқушылар үй тапсырмасын топта өздері бағалайды

(Топ басшысына бағалау парағын беремін)

II.Қызығушылықты  ояту «Ой ашар»

1.Математикалық диктант

2.Оқулықпен жұмыс.

№7  1-2 топ теңдеулерді шешеді

№8 3-4 топ өрнектер құрастырып мәнін табады

Өз беттерімен орындайды.Топпен орындайды.Жұппен есептейді

3.Ойын Кім жаңылыспайды?

III.Мағынаны тану.Постермен жұмыс

1.Постер құрастыру.(жұппен жұмыс)

     Әр жұптың алдарына  ақ қағаз таратамын .Сол қағазаға үлестірмелі карточкадан есептің шартын, шешуін, жауабын жазады. Сосын постерді тақтаға жабыстырып әр топтан бір бала шығып  түсіндіреді.

2.Сергіту сәті

(балалар би арқылы  қимылдайды)

3.Шығармашылық тапсырмалар

Логикалық  есептер шығару  Топпен жұмыс\

(есептерді жылдам жауап беру керек)  Ойын «Тез ойлан»

1.Үстелде 3 стакан сүт бар. Алмас 1 стакан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стакан бар?(3)

2.Нанды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу крек.(2)

3.Екі қыз мектепке келе жатыр, алдарынан мектептен келе жатқан 3 қызды кездестіреді. Мектептен неше қыз келе жатыр(2)

4.11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 1 ешкі, 2 қоян,3 түлкі.Болды сонда нешеу?(24)

5.Әжесі немересіне 8 қолғап тоқыды. Немересі нешек?(4!

6. Үңгірден тиіннің алты құйрығы  көрініп тұр.Ұңгірде неше  тиін   бар?(6)

4.Сематикалық карта

IV.Сабақты қорытындылау.

1.Сәйкестендіру тест

2.Кері байланыс.

-Сабақ ұнады ма?

-Қандай тапсырма орындаған ұнады?

-Қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?

(Оқушылар сабақ туралы  өз ойларын  стикерге жазады, тақта, іледі.)

V.Бағалау.

Топ басшысы бағалау парағын толтырады.

VI.Үйге тапсырма:№9,10 есеп 112 бет

Просмотров: 670


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст