Пандемия жарияланған кезіндегі мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестер
Балаңызбен бірге кез-келген қандай да бір нақты мазмұнды іс-әрекетпен айналысыңыз, қандай да бір тағам әзірдеңіздер. Бірге ойыншық жасаңыздар, бірлесіп сурет салыңыздар, біраз тағам дайындаңыз. Бала ата-анасының қасында болған кезде және олар бірлесіп бір нәрсе жасаса, бұл қобалжуды тоқтатады.
Бұл уақытты балаңыз екеулеріңіз бір-біріңізді жақсырақ тану үшін пайдалануға тырысыңыз.
Спорттық жаттығуларды бірге жасауға болады.
Үйреншікті өмір тәртібін сақтау маңызды, өйтпеген жағдайда баланың бұрынғы тәртіпке оралуы қиынға соғады.
Әдеттегі күн тәртібін сақтаңыз (мектепте немесе балабақшадағыдай сабақтар ұйымдастырыңыз, «үзілістер» ұйымдастырыңыз).
Егер бала вирус туралы алаңдаса және сұрақтар қойса, сізге шамамен мынаны айту керек: «Егер барлық ережелерді сақтаса (қол, бет жуу, қажет болғанда – көшеден келгеннен кейін, дәретханадан кейін, тамақтанар алдында; бөлмені желдетіңіз; көшеде қолғап кию; күн тәртібін орындау; уақытында ұйықтау; дәрумендер ішу; қалыпты тамақтану және т.б.), сонда бәрі сау болады! ».
Жауаптарды нақты ұсыныстарға аудару маңызды.
Қолды үнемі жууға мәжбүрлеудің қажеті жоқ, тек қана қажет болған кезде ғана, әйтпесе бұл беймазалыққа әкелуі мүмкін.
Егер бала ауырып қалудан қатты қорқатын болса, оған: «Микробтар әр уақытта бар. Бірақ егерде біз қалыпты өмір салтын ұстанатын болсақ: бөлмені желдетіп, жаттығулар жасап, дәрумендер ішіп және т.б. барлық ережелерді сақтасақ, сонда бәрі сау болады! Әрине, адам ауырып қалуы мүмкін, бірақ содан кейін ол сауығып кетеді. Сенің (немесе менің) қалай ауырғандығын, тұмауданғанын есіңде ғой, содан кейін сен жазылып кеттің, мен жазылып кеттім. Ережелерді сақтау маңызды» деп айту қажет.
Уақытша қашықтықтан оқытылатын балалардың ата-аналарына ұсыныстар
Ең алдымен, өзіңіз және балаңыз үшін үйреншікті күн тәртібі мен мен ырғағын (ұйқы мен ояну уақыты, сабақтың басталу уақыты, ұзақтығы, «үзілістер» және т.б.) сақтағаныңыз дұрыс. Күн тәртібінде кенеттен болған өзгерістер баланың бейімделу мүмкіндіктерінің айтарлықтай өзгеруіне әсер етуі және шамадан тыс шиеленіс пен стреске әкелуі мүмкін
Баланың ата-аналары мен туыстары болып жатқан жағдайға сабырлы, адекватты және сыни көзқараспен қарауға тырысуы керек. Баланың эмоционалды жағдайы ересек адамның (ата-анасының, туыстарының) жағдайына тікелей байланысты. Басқа елдердің ата-аналарының тәжірибесі көрсеткендей, оқшаулау режиміне бейімделуге біраз уақыт кетеді және бұл қалыпты процесс.
Сабырлы, ұстамды болыңыз, балалардың вирус туралы және т.б. сұрақтарына жауап
беруден қашпаңыз, бірақ пандемиялық жағдай мен оның қауіп-қатері туралы ұзақ пікірталасқа бармаңыз. Ғаламтор желілерінің «сұмдықтары» туралы толық айтпаңыз!
Балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектептен алатын
ұсыныстарды түсінуге тырысыңыз. Тек мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшіден ғана алатын ресми ақпаратқа назар аударыңыз. Бұл процесті ұйымдастыруға мектепке де уақыт керек. Қазіргі уақытта ата-аналарға да, мұғалімдерге де қашықтықтан оқуға көмектесетін бірқатар ресурстар бар (Билимленд, Күнделік, U-study және т.б.). Олар білім беру бағдарламаларының мазмұнына байланысты болғандықтан көптеген ата-аналар бұл платформаларды қазірдің өзінде қолданады.
Егер ата-аналар олардың кейбіреулерін баласымен «меңгеруге» тырысса, оқушылардың ата-аналары мен туыстары қашықтықтан оқытудың тартымдылығын арттыра алады. Мысалы, сіз балаңызға сұрақтар қойып, пікірталасқа қатыса аласыз, содан кейін сабақ қызықты танымдық ойын-сабаққа айналады. Бала үшін бұл – мотивацияны жоғарылату мүмкіндігі, ал ата-аналар үшін – балаларын жақсырақ білу және түсіну мүмкіндігі.
Үйде болуға мәжбүр болған кезде, сіз және сіздің балаңызға жақын әлеуметтік ортада (телефон, мессенджер арқылы) байланыста болу өте маңызды, алайда алынған ақпараттың жалпы ағынын (жаңалықтар, әлеуметтік желілердегі ақпараттар) азайту қажет. Ағымдағы жаңалықтардан хабардар болу үшін жаңалықтардың бір көзін таңдап, оған күніне 1-2 реттен көңіл бөлу жеткілікті (мысалы, таңертең – таңертеңгі шарулардан кейін, рәсімдерден кейін біраз уақыт және кешке – тыныштықта болу керек, бірақ ұйқыға дейін 2 сағат бұрын емес), бұл мазасыздықты азайтуға көмектеседі. Жақын адамдармен қарым-қатынас кезінде коронавирусқа және басқа да алаңдаушылық тудыратын тақырыптарға назар аудармауға тырысыңыз.
Үйде отырып, бала сыныптастарымен, достарымен (қоңыраулар, ВК, топтық чат) қарым – қатынасын жалғастыра алады. Ата-аналар виртуалды конкурстарды өткізу идеяларын (мысалы, жағымды естеліктер және т.б.) және басқа да жағымды белсенділікті ұсына алады. Жасөспірімдерді өздерін қызықтыратын тақырыпта (спорт, музыка, фильмдер, тамақ әзірлеу) жеке блогтарын жүргізуді бастауды ұсынуға болады.
Коронавирусқа байланысты мазасыздықты сезінетін жасөспірімдерге арналған ұсыныстар
(Қорқыныш жағдайлары бойынша әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі Роберт Лихидің ұсыныстарына сүйене отырып)
Соңғы бірнеше күнде өмір біршама өзгерді, мектептер қашықтан білім беруді енгізуде, ата-аналар үйде жұмыс істейді, достармен шынайы жүзбе-жүз көрісу қиын. Мұндай жағдайда қиыншылықтар туралы ойланудың орнына, бар мүмкіндіктерге назар аударуға тырысу өте маңызды. Мұндай тәсілді оптимизм деп атауға болады. Төменде көңіл-күйіңізді жоғалтпауға және алаңдаушылыққа бой алдырмауға және сонымен қатар бірге жағдайды байыпты қабылдауға көмектесетін бірнеше кеңестер берілген.
0-ден 19 жасқа дейін ауыру ықтималдығы өте аз. Балалар мен жасөспірімдер дерлік коронавирусқа шалдықпайды немесе оны өте жеңіл түрде өткереді.
Осыған қарамастан, жұқтыру ықтималдығын одан әрі төмендетуге көмектесетін процедуралар бар: көшеден кейін, тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз, егер сізде бар болса тырнақтарыңызды тістеу әдетінен аулақ болыңыз (сайып келгенде, қазір мотивация бар) – вирус адам ағзасына көбінесе қолдар арқылы түседі; кем дегенде 7,5 сағат ұйықтау; жақсы тамақтану; физикалық жаттығулар жасау (мұның бәрі иммундық жүйені сақтауға және нығайтуға көмектеседі).
Өздігінен оқшаулау режимін сақтау өте маңызды. Ия, сіз үйде отыруыңыз керек, мектепке бармауыңыз керек, достарыңызбен кездеспеуіңіз керек. Іш пыстырарлық ..., бірақ қазір апокалипсис келмейтінін түсіну өте маңызды, өйткені біз оны зомби туралы фильмдерден білеміз; керісінше, бізден көп адамға ауру жұқпас үшін үйден аз шығуды сұрайды. Мысалы, Қытайда бұған өте байыппен қараған адамдар, науқастардың барлығы дерлік сауығып кетті, инфекцияның жаңа жағдайлары жоқ. Енді біз шыдамдылық танытуымыз керек.
Егер сіз күннің көп бөлігінде барлық жаңалықтарды бақылайтын болсаңыз, бұл сіздің алаңдаушылығыңыз бен қорқынышыңызды күшейтеді. Тактиканы өзгерткен дұрыс, сіздің ата-анаңыз көп сенім артатын 1 – 2 ресурсты таңдап, бұл жаңалыққа таңертең 10 минут және кешке 10 минут бөлген дұрыс.
Мазасыздықты емдеудің ең жақсы әдістерінің бірі – әзіл. Көптеген балалар өздерінің оқшаулану жағдайларын бастан өткергені туралы бейнелер мен әндерді жүктей бастады. Мүмкін сен де бұл жағдайға осы жағынан қарайтын шығарсыз?
Егер сізді мазалаған ойлар үнемі сізге шабуыл жасаса, мазасызданудың қауіпті емес екенін ұмытпаңыз, әр мазасыз ой туралы ойланудың қажеті жоқ. Оларды аспанда жүзіп жүрген бұлттар сияқты елестетіңіз және әлде қайда жағымды және маңызды өз жүмыстарына зейін қоюға тырысып көр.