"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары

02.03.2018

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары

  Целиноград ауданы бойынша орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін

мемлекеттік қызметтер стандарттары барысында атқарылатын іс шаралардың  бағыттары

  Негізінде  мектеп ғимараты  1964 жылы ауыл шаруашылық техникум болып, ал  1976 жылдан бастап орта мектеп кешені болып  қайта құрылды.17 қазан 1989  жылы   № 18 Қосшы орта мектебі болып  қалыптасты.  30 сәуір 2015  жылы мемлекеттік  мекеме  Р. Қошқарбаев атындағы № 1 Қосшы орта мектебі болып өзгертілді. Ғимарат 3 қабатты, жалпы  орта  білім беретін аралас (қазақша,орысша) мектеп.  Мектеп 436 орындыққа  арналған, қазіргі  таңда 1338 оқушы білім алуда. Мектеп  директоры Г.В. Рамазанованың  басшылығымен ұжымда 90 мұғалім білім береді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер стандарттары барысында жалпы  атқарылатын іс шаралар 5 бағытта көрсетілсе, біздің мектепте соның  4  түрі орындалады. Мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттар бағытының іс шараларын  жоғарғы сыныптардың оқу ісі орынбасарлары  Мадиева М.Т және С.С.Ахметжанова атқарады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

1.Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым

министрінің  2015 жылғы 08 сәуір № 179

бұйрығы (1-қосымша) бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім

берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына

қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты..
Қабылданатын құжаттар: 1Өтініш, 2.Туу туралы куәлігінің көшірмесі, 

3.Дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен

бекітілген № 086/е нысан,

4. 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосурет, 
5. педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (болған

жағдайда).

2. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым

министрінің  2015 жылғы 9 қарашадағы №

632 бұйрығы (1-қосымша) бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш,

негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға

біліктілік санаттарын беру(растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды

қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

  3. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым

министрінің  2015 жылғы   08 сәуір № 174 бұйрығы (4-қосымша)  бойынша «Бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта білім берудің жалпы білім беру   ұйымдарында денсаулығына байланысты ұзақ уақыт

бойы мектепке  бара алмайтын балаларды

үйде  жеке тегін ұйымдастыру үшін құжаттарды  қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты.
4. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 08 сәуір № 179

бұйрығы (3-қосымша) бойынша «Негізгі

орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (дубликат) беру» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандарты.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Құжаттар топтамасын ХҚКО-на (ЦОН)тапсырған сәттен бастап  15 жұмыс күні ішінде беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны бойынша  электронды және қағаз түрінде беруге болады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін  көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мүгедектерге арнайы мектепте пантус және қоңырау орнатылып, жағдай жасалынған және мемлекеттік  қызмет көрсету  стандарттар бағытының іс шараларын  жүзеге асыру үшін үлгілері көрсетіліп, стенд шығарылып ілінді.

 

  Оқу ісінің орынбасары    С.Қ. Ильясова

  Қосшы ауылы
Р.Қошқарбаев атындағы№1ОМ
Ғ. Абсагитов көшесі  7 үй                                                 

 телефон 87165199558                            

Просмотров: 597


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст