"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласы Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа №1 имени Рахымжана Кошкарбаева города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

    - Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы

02.03.2018

Р.Қошқарбаев атындағы №1

Қосшы орта мектебінің мемлекеттік қызмет көрсету туралы

  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер стандарттары барысында жалпы  атқарылатын іс шаралар 5 бағытта көрсетілсе, біздің мектепте соның  4  түрі орындалады.

            Мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттар бағытының іс шараларын  жүзеге асыру барысында, қыркүйек айынан бастап бүгінгі наурыз айының аралығында  мемлекеттік қызмет көрсетудің мына түрлері атқарылды:
1.Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 08 сәуір № 179

бұйрығы (1-қосымша) бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.. бойынша 2017-2018 оқу жылының басында 1338 оқушы қабылданды және қазіргі таңда  1449 оқушы білім алуда.

    Қыркүйек айында -26 оқушы, қазан айында-15 оқушы, Қараша айында – 24 оқушы, желтоқсан айында-4 оқушы, қаңтар айында- 35 оқушы, ақпан айында- 7 оқушы,  яғни 111 оқушы  келді.
2. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 9 қарашадағы №632 бұйрығы (1-қосымша) бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру(растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша  барлығы 13 педагог қызметкерлер  өтініш берді. 

Оның 6-уы   екінші санатқа, 5-уі бірінші санатқа,  3-уі  жоғарғы санатқа халыққа қызмет көрсету

орталығы (ЦОН) арқылы өтініш берілді.

3. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы   08 сәуір № 174 бұйрығы (4-қосымша)  бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру   ұйымдарында денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке  бара алмайтын балаларды үйде  жеке тегін ұйымдастыру үшін құжаттарды  қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын орындау барысында 5 оқушы үйде оқытылады.
4. Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 08 сәуір № 179 бұйрығы (3-қосымша) бойынша «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (дубликат) беру» мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандарты барысында,  мектеп түлектерінің 3-уі , жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларына (дубликат) халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы өтініш білдірді.
Мемлекеттік  қызмет көрсету  стандарттар бағытының іс шараларын  жүзеге асыру аясында мүгедектерге керекті  арнайы жағдайлар жасалған , дер кезінде уақытылы қызымет көрсетіліп тұрады .

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст