«Үш ұрпақтың сабақтастығы»
1. Наурыз Алғыс айту күні, іргесі бекем, керегесі кең, бірлігі жарасқан, ырысы тасыған Қосшы ауылы, Р. Қошқарбаев атындағы №1 тарихи мектебінде «Үш ұрпақтың сабақтастығы» өтті. Бұл мерекелік іс-шара Елордамыздің іргесінде алтын қақпа болып орналасқан Целиноград ауданының 90 жылдығына орай және Алғыс айту күніне байлынысты өткізілді.
Бұл кездесудің мақсаты: отанымызға, туған өлкеге,еллімізге деген сүйіспеншіліккке, қарияларға сыйластыққа тәрбиелеу еді. «Тарихты тану өлкетанудан басталады»- деген ұранмен кіші буын жеткіншектер ауданның, Қосшы ауылдық округының Қосшы және Тайтөбе ауылдарының қалыптасу тарихын зерттеп, толық мағлұмат жинап, ата-әжелеріне, ардагерлерге алғыс айтты. Кездесуге ҰОС, Ауған соғысының ардагерлері,ұлағатты ұстаздар, ауыл әкімшілігі шақырылды. Ауданнан да арнайы қонақтар шақырылды.
Кездесу барысында орта буын иелері, аға буын ардагер мұғалімдер де өздерінің жинақтаған тәжірибесін, ерен еңбектерінің жетістіктерінінің құпиясын, жылы лебіздерін өскелең ұрпаққа жеткізді. Кездесу мектептің оқушыларының дайындаған «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концертін ұсынды. «Ұрпақтар сабақтастығы»- бұл Елбасы мақаласында көрсетілген қоғамның рухани жаңғыруның айқын көрінісі.