Көптен күткен біздің мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Мектептің іші жылып, жарық болып қалғандай. Қабырғалары, едендері, терезелері, есіктері жаңартылды. Ескі линолеумның орнына еденде жап-жаңа плиткалар, әр қабатта дәретхана бөлмелері пайда болды; ескі, бояулары қатпар-қатпар болған терезе орнына заманауи пластикалық терезелер орнатылды. Жалпы, мектептің өзі де кеңейіп қалғандай. Әрине, жаңартылған мектепте балалар жаңа партада оқып, жаңа тақталарда есептерін шешсе екен дейміз ...
Біздің депутат Сайра Әйтенқызы Матайбаеваның мектепке демеушілік жасағаны бірінші жыл емес! Оның және компаниясының арқасында 10 кабинетте жап-жаңа тақта ілініп тұратын болды. Сайра Әйтенқызы, сіз әрқашан материалдық құндылықтарды ғана емес, балаларға және біздің бүкіл ауылға қуаныш пен үміт сыйлайсыз. №1 мектеп ұжымы сізге шын жүректен алғыс білдіреді және істеріңіз бен бастамаларыңызға өркендеуді тілейді!